Теңге нығайып келеді

Теңге нығайып келеді Сурет: Inbusiness.kz

Доллар 2 теңгеге арзандады.


KASE Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 445,62 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Саудаға қатысушылар жалпы сомасы 96,1 миллион долларға 252 мәміле жасады. Осылайша ұлттық валюта 2 теңгеге нығайды.


Бір күн бұрын доллардың орташа бағамы 447,67 теңге деңгейінде тұрақтаған еді.


Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау пункттері долларды орта есеппен 442-447 теңгеден сатып алып, 447-451 теңгеден сатып жатыр.


Рубльдің орташа сараланған бағамы 6,23 теңге болды. Саудаға қатысушылар жалпы сомасы 788 миллион рубльге 35 мәміле жасады, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда айтарлықтай аз. Ол кезде теңге-рубль жұбындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 4 миллиард рубльден асты.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21