AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған ха...

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Алматы Бүгін 18:29 79
Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті
«Abai University» медиа орталығы

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке дейінгі білім берудегі іргелі және қолданбалы зерттеулер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік Open Space өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылауға, бала тұлғасын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздерін зерделеуге және білім беру тәжірибесіне заманауи зерттеу нәтижелерін енгізу жолдарын қарастыруға арналды. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік алаңда мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып дамыту, педагогтың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін тәжірибеде қолдану, педагогикалық ғылым мен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайту мәселелеріне назар аударылды.

Бүгінгі бала ақпаратты бұрынғыдан ерте қабылдайды, цифрлық ортаға тез бейімделеді, сұрақ қояды, өз ойын еркін жеткізуге ұмтылады. Оның сөйлеуі, ойлауы, қиялы, қарым-қатынасы мен эмоциясын басқаруы да өзіндік ерекшелікке ие. Мұндай өзгеріс балабақшадағы тәрбиешіге де жаңа міндет жүктейді. Баладағы даму ерекшелігін ерте байқау, оның қабілетін ашу және қиындықтардың алдын алу үшін педагогқа қандай білім мен құрал қажет? Бүгінгі тәрбиеші қандай болуы керек? Open Space барысында мамандар осы сұрақтар бойынша баяндамалар жасады. Жиында отандық және шетелдік ғалымдар мен педагогтар тәжірибе алмасып, мектепке дейінгі білім беруді жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстарын ұсынды. Алаңда ғылыми-әдістемелік көрме, пленарлық және фокус-сессиялар, шеберлік сыныбы қарастырылды.

Open Space жұмысына сәйкес, №187 бөбекжай-балабақшасы базасында «USHQYN LAB» ғылыми-инновациялық зертханасы ашылғанын айта кету керек. Зертхана ғылым мен балабақша тәжірибесін тоғыстыруды мақсат етеді.

Іс-шара педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ұлбосын Қыяқбаеваның 60 жас мерейтойына арналған. Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-Ректор Болат Тілеп мерейтой иесіне құттықтау сөзін жолдап, «Абай» төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің вице-министрі Шынар Ақпарованың құттықтау хаты мен еліміздің бірқатар жоғары оқу орны басшылары атынан жолданған құттықтаулар оқылып, сый-сияпаттар жасалды.

Қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі – баланың жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ете отырып, оның танымдық қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру. Бұл тұрғыда педагогтың кәсіби шеберлігі, ғылыми-әдістемелік даярлығы мен әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере білуі ерекше маңызды. Аталған міндеттерді тиімді шешу үшін педагогикалық әдістерді кеңінен қолданып, тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыру, инновациялық технологияларды енгізу қажет.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік Open Space осы бағыттағы өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға, мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді қарастыруға мүмкіндік берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім беру жүйесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 19:01

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа тарихи меже алдындағы ортақ міндет – Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін күшейтіп, жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу»

Бүгін 18:12

Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастарды, тіпті терең қарттық шағында да аман алып қалуда

Бүгін 18:03

Алматы қаласында Белсенді ұзақ өмір орталықтары арасында қалалық үстел теннисі турнирі өтті

Бүгін 17:58

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);