AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Темірлан Анарбеков УЕФА марапатына алып, үздік ойы...

Темірлан Анарбеков УЕФА марапатына алып, үздік ойыншы атанды

Спорт 10.12.2025, 11:18 651 Сұлу
Темірлан Анарбеков УЕФА марапатына алып, үздік ойыншы атанды
instagram.com/f.c.kairat

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбековтің "Олимпиакосқа" қарсы матчтегі екі сейвін Чемпиондар лигасының ойын күніндегі ең үздік құтқарулар қатарына қосты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

22 жастағы қазақстандық қақпашы грек клубына қарсы өткен ойында сегіз сейв жасады және УЕФА-дан "Матчтің үздік ойыншысы" марапатын иеленді.

Осы сегіз сейвтің екеуі тоғыз кездесу қорытындысы бойынша жасалған үздік сейвтер топтамасына енді.

Темірлан Анарбековтен бөлек, УЕФА сонымен қатар "Баварияға" қарсы матчте (3:1) "Спортинг" қақпашысы Руи Силваның, "Тоттенхэмге" қарсы ойында (3:0) чехиялық "Славия" қақпашысы Йиндржих Станектің және бельгиялық "Юнионға" қарсы матчте (2:3) "Марсель" қақпашысы Херонимо Рулидің сейвтерін атап өтті.

Бұл туралы УЕФА Чемпиондар лигасының ресми Instagram-парақшасында да жарияланды.

Еске сала кетейік, "Қайрат" – "Олимпиакос" кездесуі қонақтардың пайдасына 0:1 есебімен аяқталды. Голды португалиялық Желсон Мартинш соққан болатын.

 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қайрат #Темірлан Анарбеков #спорт #футбол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика