AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі Hyundai Motor Group өкілдерімен ақылд...

Алматы әкімі Hyundai Motor Group өкілдерімен ақылды қала технологиясын енгізу мәселесін талқылады

Алматы Бүгін 12:49 22
Алматы әкімі Hyundai Motor Group өкілдерімен ақылды қала технологиясын енгізу мәселесін талқылады

Алматыда автономды мобильді роботтар мен көлік қозғалысын басқарудың зияткерлік жүйелері енгізілуі мүмкін, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мұндай жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қала әкімі Дархан Сатыбалды Hyundai Motor Group делегациясымен кездесу барысында талқылады. Делегацияны компанияның атқарушы вице-президенті, болашақ стратегиясы департаментінің басшысы Хогын Чон және вице-президенті Джэён Ли бастап келді.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі заманауи технологияны қалалық инфрақұрылымда қолдану болды. Дархан Сатыбалды Hyundai Motor Group компаниясының MobED роботтандырылған платформасын және басқа да автономды шешімдерін қаланың көлік жүйесі мен логистика саласында пайдалану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сондай-ақ тараптар көлік легін басқаруда жасанды интеллект қолдану, логистикалық үдерістерді автоматтандыру және электромобильдерге арналған қуаттау станциялары желісін дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу барысында автомобиль өндірісін одан әрі дамыту жайы да қозғалды. 2025 жылы Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында 52 мыңнан астам автомобиль шығарылды. Кәсіпорында шамамен 1 700 жұмыс орны ашылған.

Еске салайық, 2026 жылы қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары барысында Алматыда жалпы құны шамамен 238,3 млн доллар болатын жобаларды жүзеге асыру жөніндегі коммерциялық құжаттарға қол қойылды. Олар автомобиль өндірісін кеңейтуді, автокөлік бөлшектерін шығаруды жергіліктендіруді, көпбейінді клиника мен Lotte қонақ үйін салуды көздейді.

Кездесу соңында тараптар ұсынылған жобалар аясындағы жұмысты жалғастыруға келісті. Алматы әкімдігі Hyundai Motor Group компаниясының салалық ұйымдармен және жергілікті серіктестермен өзара ынтымақтастығын дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік қозғалысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық сарапшы Оралбек Карим: ең төменгі жалақыны арттыру отандық өндірісті дамытумен қатар жүруі тиіс

Бүгін 12:20

Саясаттанушы Нұрболат Нышанбай: «Халықтық құрылыс» жобасы адами капиталды дамытуға үлес қосады

Бүгін 12:15

Алматыда сақ дәуіріне жататын бірегей алтын әшекей табылды

Бүгін 11:39

Қазақстанда әскери барлау қызметінің құрылғанына 34 жыл толды

Бүгін 11:15

Алматы кітапханасында Жолдау басымдықтары талқыланды

Бүгін 10:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);