AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Темірдей тәртіп өкілі

Темірдей тәртіп өкілі

Әлеумет 13.02.2025, 17:43 812 dulatbekova
Темірдей тәртіп өкілі
Сурет: Aqshamnews.kz

Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты  №11  мекеме бастығының жедел жұмыс, режим және күзет жұмыстары жөніндегі орынбасары Нұрлан Керебаев – заң маманы. Алматыда туып-өскен. 

Алғашқы еңбек жолын Алмалы ауданы ІІБ учаскелік полиция инспекторы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің тағылымдамашысы болып бастаған. Өз ісіне адал жас маман қызмет барысында сатылап өсіп, әр жылдары жауапты лауазымдарда болды. Атап айтсақ, осы ауданның Әкімшілік полиция бөлімінде, Жергілікті полиция қызметінде, Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында, Алматы академиясында абыройлы еңбек етті.

Бүгінде Алматыдағы балалар колониясында. Жауапкершілігі бұрынғыдан да еселенді. Себебі, бұл түзеу мекемесінде әлі ойы, көзқарасы беки қоймаған жасөспірімдер жазасын өтеп жатыр. Олардың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, өмірге деген көзқарасының қалыптасуына, айналасына деген сенімін, жақсы өмірге деген үмітін жоғалтып алмауына атсалысады. 
Темірдей тәртіпке төселген әділет подполковнигі кезекші бөлімде кезекші орынбасарларының бейнебақылау жүйесі арқылы бүкіл мекеменің аумағындағы қозғалыстарды қадағалайды. Бос уақытында қызметкерлермен бірлесіп футбол ойнайды, салауатты өмір салтын ұстанады.

– Әріптесіміз әділет подполковнигі Нұрлан Серікұлы «Ішкі істер органдарының үздігі» және «Полиция» төсбелгісімен марапатталған. Бұл құрмет оның қызметіне деген адалдығы мен уақытпен санаспай, тынбай еңбек еткені үшін берілген. Қазіргі күні де абыройлы. Ол бөліміндегі қызметкерлердің жүйелі, тыңғылықты, нақты жұмыс атқаруына ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да тәжірбиесі мол азамат бүкіл ұжым алдында беделді. Мекемеге жаңадан келген тыңдаушыларға да тәлімгер ретінде білгенімен бөлісіп, жол көрсетіп отырады. Өзіне де, ісіне де жауапкершілігі жоғары, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрақтылық пен тыныштық жолында қызмет етіп жүрген маман иесінің өмір жолы, ұстанымы жастарға үлгі болары сөзсіз, – дейді №11 мекеме бастығы әділет полковнигі Алмат Сүлейменов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#темірдей тәртіп #өкіл #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);