AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Телефон арқылы алынатын электрондық құжаттардың мі...

Телефон арқылы алынатын электрондық құжаттардың міндетті деректемелері жаңартылды

Мұны білген жөн 14.07.2026, 11:07 323
Телефон арқылы алынатын электрондық құжаттардың міндетті деректемелері жаңартылды

Жасанды интеллект министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі бұйрығымен мобильді байланыс құрылғысы арқылы алынатын мемлекеттік және өзге де қызметтердің электрондық нысандағы нәтижелерінің міндетті деректемелері мен олардың түпнұсқалығын тексеру қағидалары бекітілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес:

  • мобильді байланыс құрылғысы арқылы алынатын мемлекеттік және өзге де қызметтердің электрондық нәтижелерінің міндетті деректемелері;

  • олардың түпнұсқалығын тексеру қағидалары жаңартылды.

Қағидаға сәйкес, мобильді телефон арқылы алынатын электрондық құжатта мынадай міндетті деректемелер болуы тиіс:

  • мемлекеттік немесе өзге де қызметтің көрсетілген күні көрсетілген электрондық құжаттың бірегей нөмірі;

  • қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);

  • QR-код.

Мобильді телефон арқылы алынған мемлекеттік қызмет нәтижесінің түпнұсқалығын пайдаланушының өзі немесе электрондық құжат ұсынылған үшінші тұлға "Цифрлық үкіметтің" мобильді қосымшасы арқылы тексере алады.

Электрондық қызмет нәтижесінің шынайылығы мемлекеттік немесе өзге де қызметті көрсететін уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) расталады.

Уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ туралы ақпарат QR-кодты сканерлегеннен кейін "Цифрлық үкіметтің" мобильді қосымшасында көрсетіледі.

Ал электрондық құжаттың түпнұсқалығы мобильді қосымша қалыптастырып, QR-код түрінде берілетін бірегей электрондық құжат нөмірі арқылы расталады.

Жарнама

Электрондық құжаттың түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланушы "Цифрлық үкіметтің" мобильді қосымшасындағы "Мобильді қосымша арқылы алынған қызметтерді тексеру" сервисін таңдап, құжаттағы QR-кодты сканерлеуі және қызмет алушының ЖСН-ын немесе БСН-ын енгізуі қажет.

Тексеру нәтижесі мынадай жағдайларда оң болып есептеледі:

  • QR-кодты сканерлеу кезінде анықталған электрондық құжаттың бірегей нөмірі "Цифрлық үкімет" мобильді қосымшасы берген нөмірмен сәйкес келсе;

  • көрсетілген ЖСН немесе БСН қызмет алушының деректерімен сәйкес келсе;

  • мемлекеттік немесе өзге де қызмет көрсеткен уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) туралы ақпарат қолжетімді болса.

Ал мынадай жағдайларда тексеру нәтижесі теріс болады:

  • QR-кодтан оқылған электрондық құжаттың бірегей нөмірі мобильді қосымша берген нөмірмен сәйкес келмесе;

  • көрсетілген ЖСН немесе БСН қызмет алушының деректерімен сәйкес келмесе.

Қағидаға сәйкес, тексеру нәтижесі теріс болған жағдайда жүйеде енгізілген деректер бойынша электрондық құжат табылмағаны туралы хабарлама көрсетіледі.

Бұйрық 2026 жылғы 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Сонымен қатар 2016 жылғы 19 қаңтардағы "Мобильді байланыс құрылғысы арқылы алынған мемлекеттік және өзге де қызметтердің электрондық нысандағы нәтижелерінің міндетті деректемелерін және олардың түпнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығының күші жойылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Цифрлық құжаттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

Бүгін 16:14

Алматыда Студенттер лигасының жаңа маусымы басталды: 43 жоғары оқу орны, 128 команда және 1500-ден астам қатысушы

Бүгін 16:01

Чемпиондарға – университет гранты

Бүгін 15:58

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge 2026 халықаралық турнирі аяқталды

Бүгін 15:26

VietJet Air Ханой – Алматы – Прага жаңа әуе бағытын ашты

Бүгін 15:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);