AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тегін дәрі-дәрмектер тізіміне өзгеріс енгізіледі

Тегін дәрі-дәрмектер тізіміне өзгеріс енгізіледі

Әлеумет 11.12.2025, 09:34 928
Тегін дәрі-дәрмектер тізіміне өзгеріс енгізіледі
Сурет: Gov.kz

Алматы қаласы мәслихатында өткен сессияда Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лайла Иманғалиева жергілікті бюджет есебінен тегін берілетін дәрілер мен медициналық бұйымдар тізіміндегі өзгерістерді таныстырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Формулярлық комиссия үш жаңа препаратты енгізуді ұсынды:

Анифролумаб – жүйелі қызыл жегі диагнозы бар науқастарға. Бұрын қолданылған белимумаб жеткізілмей қалғандықтан, оны анифролумабпен алмастыру жоспарланып отыр. Бұл жаңа буын биологиялық дәрі аурудың белсенділігін төмендетіп, асқыну қаупін азайтады.
Тедуглутид – қысқа ішек синдромы бар бір балаға. Жылына 372 флакон қажет. Дәрі ішектің сіңіру қабілетін жақсартып, парентералды (тамыр арқылы) қоректенуге тәуелділікті азайтады.
Ритуксимаб – Девик ауруы (оптиконевромиелит) диагнозы бар бір науқасқа. Бұл дәрі ауыр аутоиммунды қабынуды басып, көру қабілетін жоғалту қаупін төмендетеді.
Тізімнен алынып тасталатын дәрілер мен бұйымдар

Эндопротез – остеоартроз диагнозы орфандық аурулар тізімінде жоқ болғандықтан.
Белимумаб – жеткізушілер болмағандықтан сатып алынбады. Оның орнына анифролумаб енгізіледі.
Ривароксабан – жүрекше фибрилляциясы мен трепетінде қолданылатын дәрі. Ол Денсаулық сақтау министрлігінің амбулаторлық тегін дәрілер тізіміне енгізілгендіктен, басқарма желісі бойынша сатып алынбайды.
Эплеренон (екі дозада) – дилатациялық кардиомиопатияға арналған, соңғы үш жылда сатып алынбаған.
Қаржылық тиімділік

Мәслихат депутаты Айгүл Шалбаева жаңа дәрілердің бюджетке әсерін сұрады. Лайла Иманғалиева анифролумабтың бағасы белимумабқа шамалас екенін, қаражат жыл сайын жоспарланғанын, ал белимумаб 2025 жылы жеткізілмегендіктен, анифролумаб клиникалық тұрғыдан да, экономикалық жағынан да тиімді балама екенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);