Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Театрсүйгіштердің қалтасы қағыла ма?

Театрсүйгіштердің қалтасы қағыла ма?

Өмір-өзен 25.03.2022, 10:04 1,322
Театрсүйгіштердің қалтасы қағыла ма?
Сурет: КТК

Елімізде театр қызметінің бағасы 26%-ға өскен.


Жалпы демалыс және спорт саласындағы қызметтердің көлемі бір жылда 60%-дан астам қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.


2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасында спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызметтер 400,5 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 60,9%-ға артық.


Экономиканың бақыланбайтын секторын есепке алмағанда, бұл салада 399,2 млрд теңгеге қызмет көрсетілген. Құндық мәндегі жылдық өсім 67,9%-ды құрады.


Өңірлік тұрғыдан алғанда, қызмет көрсетудің 58,4%-ы бір ғана – Алматы облысына тиесілі: 233,3 млрд теңге, бұл 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда ақшалай түрде 5,7 есе көп. Үздік үштікке сондай-ақ елорда (43,6 млрд теңге, минус 37,2%) және Қарағанды ​​облысы (13,9 млрд теңге, минус 16,7%) кіреді.



Спорт саласында 114,4 млрд теңгеге, демалыс және ойын-сауық саласында 284,8 млрд теңгеге тікелей қызмет көрсетілді.


Спорт саласындағы қызметтердің ең көп көлемін спорт клубтары көрсетті: 25,9 млрд теңге, бұл жылына 9,9%-ға артық деген сөз. Одан кейінгі орында фитнес-клубтардың қызметі және спорт нысандарын пайдалану қызметтері тұр.


Көңіл көтеру және демалыс саласында негізгі көлемді ойын-сауық және түрлі саябақтардың қызметтері құрады: 9,2 млрд теңге, яғни жылдық өсімі 77,2%. Одан кейінгі ретте қуыршақ театрларының, сонымен қатар би залдары мен дискотекалардың қызметтері бар.



Ағымдағы жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтердің құны бір жылда 6,2%-ға өсті. Оның ішінде театр қызметтері 26,2%-ға, бассейндер (абонемент) 9,6%-ға, балалар аттракциондары 7,4%-ға, кинотеатрлар 5%-ға, спорт залдары (жазылу) 4,7%-ға қымбаттады. Фотографтардың қызметі 5,4%-ға қымбаттады.


Өңірлік тұрғыдан қарағанда, бұл сектордағы бағаның ең қатты қымбаттауы Алматы облысында тіркелді: бірден жылына 15,2%-ға өскен. Бұдан кейінгі орында Қызылорда облысы (12,4%) және Шымкент қаласы (10,3%) да бар. Ал, Қарағанды ​​облысында осы сала бойынша қызмет көрсету құнының аздап қана, яғни 0,1%-ға төмендеуі байқалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр #баға #демалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика