AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет /  Театр тарихы – ұлт жадына табысталды

 Театр тарихы – ұлт жадына табысталды

Мәдениет 15.12.2025, 16:59 529 Аяжан Серікқызы
 Театр тарихы – ұлт жадына табысталды
сурет: Қайрат Қонысбаев

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында мәдени маңызы зор тағылымды шара өтті. Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты рәсімде Мемлекеттік академиялық Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театры өзінің бай тарихын қамтыған бірегей кітаптарды Ұлттық кітапхана қорына табыстады. Бұл шара бір мезетте екі маңызды мерейтойды тоғыстырды.

Биыл – Қазақстандағы тұңғыш кәсіби балалар театры саналатын Театр Сацтың 80 жылдығы, сондай-ақ Ұлттық кітапхананың 115 жылдығы аталып өтуде. Осы айтулы күн аясында театр ұжымы өз тарихын, шығармашылық жолын, сахналық дәстүрін баяндайтын арнайы басылымның үш данасын ұлттық қорға мәңгілік сақтауға берді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Нұрғалиева бұл тартудың маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, театр тарихына арналған мұндай басылымдар - тек өнер шежіресі ғана емес, елдің мәдени жадының ажырамас бөлігі.

– Бұл кітаптар зерттеушілерге, студенттерге және өнерсүйер қауымға баға жетпес рухани қазына болмақ. Ұлттық кітапхана үшін осындай мәдени мұраны сақтау – басты міндеттердің бірі. Баршаңызды мерейтоймен құттықтаймын. Шығармашылық табыс тілеймін. Кітапты әзірлеу мен оны ұлттық қорға табыстау жолындағы еңбектеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін, – деді ол.

Шараға Театр Сацтың танымал өнер өкілдері де қатысып, театр тарихынан сыр шертті. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Татьяна Тарская мен Қазақстанның халық әртісі Ольга Коржева театрдың қалыптасу жолындағы қиындықтар мен шығармашылық жетістіктерге тоқталса, «Құрмет» орденінің иегері, актер Махсат Сахиұлы бұл кітаптардың жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор екеніне тоқтала кетті : 

– Осыдан он бес жыл бұрын мен де осы кітапханаға жиі келетінмін. Абайдың Крыловтан аударған мысалдарын дәл осы жерден алып, оқып, жазып, дайындалдым. Өнер академиясына түсу үшін кітап іздеп, өлең, проза, поэзия, түрлі мысалдарды осы кітапханадан таптым. Ол кезде мұндағы тыныштық пен ерекше атмосфера адамның бойына білім мен жауапкершілікті сіңіретін. Бұл – бүгінгі жастар үшін аса қажет дүние. Қазір бәрі цифрландырылғанымен, кітапханадағы рухани орта ешқашан өз маңызын жоғалтпайды, – деді актер.

Кітаптардың Ұлттық кітапхана қорына тапсырылуы – өнер мен білімнің, сахна мен кітапхананың өзара үндестігін көрсеткен символдық сәтке айналды. Бұл бастама ұрпақтар сабақтастығын сақтап, мәдени мұраны келер буынға аман жеткізуге бағытталған маңызды қадам екені анық.
Айта кету керек, аталған кітаптар енді Ұлттық кітапхананың сирек қорында сақталып, театр тарихына қызығушылық танытқан барша оқырман мен зерттеушіге қолжетімді болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр #Ұлттық кітапхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында бірлік күнін дәріптеген фестиваль өтті

Бүгін 14:29

Бірлік бар жерде - тірлік бар: Алмалы ауданы бірлік күнін Сайранның жағасында қарсы алды

Бүгін 14:25

Алматының Әуезов ауданы халық бірлігі мерекесін қалай атап өтті

Бүгін 14:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика