AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тазы мен төбетті сақтау мәселелері бойынша бөлек з...

Тазы мен төбетті сақтау мәселелері бойынша бөлек заң әзірленеді

Әлеумет 07.10.2022, 08:48 1,291
Тазы мен төбетті сақтау мәселелері бойынша бөлек заң әзірленеді
Сурет: Тengrinews.kz

Тазы мен төбетті Халықаралық кинологиялық қауымдастықта (FCI) тіркеу қажет.


ҚР Президентінің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев қазақы ит тұқымдары тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша кезекті жиын өткізді деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Кездесуде министрліктердің басшылық өкілдері бір ай ішінде атқарылған жұмыс барысы туралы баяндап, алдағы жоспарымен бөлісті. Сарапшылармен (кинологтар, ғалымдар) талқылау нәтижесінде тазы мен төбетті сақтау және оның тұқымын қалпына келтіруге қатысты жеке заң жобасын әзірлеу жөнінде шешім қабылданын айтты.


Жиын қорытындысы бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып заң жобасының соңғы нұсқасын енгізу тапсырылды. Сонымен қатар аталған министрлік Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп қазақы ит тұқымдары стандартының жаңа жобасын қарастыратын болды.



«Алда атқарылатын іс аз емес. Ведомствоаралық жұмыс тобының барлық шешімдері сарапшылармен бірге талқыланып, олардың пікірі ескерілуге тиіс. Кезінде панажайы бар кинологиялық зерттеу орталығын салу тапсырылған еді. Ол жоспар орта жолдан тоқтады. Енді мұны соңына дейін жеткізу керек. Сонымен қатар, тазы мен төбетті Халықаралық кинологиялық қауымдастықта (FCI) тіркетіп, олардың шыққан жері ретінде Қазақстанды көрсету рәсімдерін ерекше бақылауға алу қажет», – деді ҚР Президентінің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тазы #төбет #кинолог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Кеше 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);