AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «ТАЗАРУ КҮНІ» «Alatau-Aqparat» медиахолдингі сенб...

«ТАЗАРУ КҮНІ» «Alatau-Aqparat» медиахолдингі сенбілік өткізді

Әлеумет 23.03.2025, 16:00 617
«ТАЗАРУ КҮНІ»  «Alatau-Aqparat» медиахолдингі сенбілік өткізді
Almaty-akshamy.kz

Бүгін – «Наурызнама онкүндігі» аясындағы «Тазару күні». Сондай-ақ, әр айдың осы күнінде ел көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына басымдық беріліп келеді. «Алматы – біздің ортақ үйіміз», «Almaty Clean&Green» – міне, бұның бәрі қаламыздың белсенді жүзеге асырып жатқан экологиялық науқаны.

Бүгін «Alatau-Aqparat» ұжымы өз аумағында сенбілік өткізіп, республикалық және қалалық ауқымды эко-акцияға үн қосты.

Көптен бері жалғасып жатқан экологиялық бастамалардан ұжым өкілдері терең таныс. Қос басылым тілшілері көптеген іс-шаралардың басы-қасында болып ақпарат таратып, игі бастамалардың кеңірек нәсихатталуына күш салып келеді. Ал бүгін тілшілер мен өзге де қызметкерлер ұжым аумағында тазалық жұмыстарын жасап, «Тазару күніне» өз үлестерін қосты.

 «Қаламыздағы «Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық акциясы көптен бері қызу жалғасып келеді. Қала тұрғындары да бұл акциядан толық хабар тауып, әр жерде қала тазалығы үшін атсалысып жатыр. Бүгін біз өз аумағымызды қоқыстардан арылтып, өзіміз нәсихаттайтын бастамаға шынайы қолдау көрсетіп жатырмыз», – дейді «Алматы ақшам» газетінің бөлім редакторы Рая Есендір.

«Қала тазалығы шағын аумақтардың тазалығынан басталады. Әр мекеме, әр ұжым өз аумағының тазалығына, реттілігіне, көгалы мен көркіне жауапкершілікпен қараса, бұл тұтас қаламыздың таза да жанға жайлы болуына әсер етер еді. Мұндай сенбіліктер тек атаулы күнде емес, әрдайым жекелеген ұжымдардың белсенділігімен өтіп тұрса, осындай тамаша дағды қалыптастырсақ біздің ортақ үйіміз болған Алматы бұдан да көркейе түсер еді», – дейді медиахолдинг қызметкері Сағит Қайыржанұлы.

Айта кетейік, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық науқаны қаламыздың тазалығын, тұрғындардың орта қорғау танымын арттыру бағытында жүзеге асып жатқан бастама. Бұл әр қала тұрғыны атсалыса алатын әрі айналасына нәсихаттауға тұрарлық ортақ іс. Ұжым қызметкерлері барша қала тұрғындарын эко-шараға атсалысып, қаламызды бірге көркейтуге шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы – біздің ортақ үйіміз #экологиялық науқан #орта қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Бүгін 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Бүгін 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Бүгін 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Бүгін 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Бүгін 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика