Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Таза Қазақстан»: тұрғындардың өтінімдері Telegram...

«Таза Қазақстан»: тұрғындардың өтінімдері Telegram-бот арқылы үздіксіз қабылдануда

Әлеумет Бүгін 12:51 33
«Таза Қазақстан»: тұрғындардың өтінімдері Telegram-бот арқылы үздіксіз қабылдануда

Бұл — тұрғындарға экология және абаттандыру саласындағы мәселелер туралы тікелей хабарлауға мүмкіндік беретін ыңғайлы цифрлық сервис, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында @TazaQazBot Telegram чат-боты өз жұмысын жалғастыруда.

Аталған сервис 2024 жылдың маусым айында іске қосылып, бүгінде мемлекеттік органдармен байланыс орнатудың тиімді әрі кеңінен қолданылатын арнасына айналды. Өтінім жолдау үшін Telegram қосымшасында чат-ботқа кіріп, авторизациядан өтіп, мәселенің фотосын тіркеп, нақты мекенжайын көрсетіп, қысқаша сипаттама қалдыру жеткілікті. Өтінім автоматты түрде тиісті органдарға жолданып, артық қоңыраулар мен қосымша жүгінулерді қажет етпейді.

Платформаның басты артықшылықтарының бірі — ашықтық. Пайдаланушы әрбір өтінімнің орындалу мәртебесін бақылап отыра алады. Жұмыс аяқталғаннан кейін фотоесеп ұсынылып, көрсетілген қызметтің сапасын бағалау мүмкіндігі беріледі.

Барлық өтінімдер 21 санат бойынша жіктеледі. Олардың қатарында аумақтарды тазалау, қоқыс шығару, жолдарды жөндеу, жарықтандыру, көгалдандыру және су айдындарын тазарту сияқты бағыттар бар. Бұл өз кезегінде өтінімдерді жедел өңдеуге және тиісті қызметтерге нақты бағыттауға мүмкіндік береді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша чат-бот арқылы 26 мыңнан астам өтінім түсіп, оның 24 мыңнан астамы сәтті орындалған. Ең көп сұранысқа ие бағыт — аумақтарды тазалау.

2026 жылдың бірінші тоқсанында 4 мыңнан астам өтінім келіп түсті, олардың басым бөлігі бүгінде орындалды.

@TazaQazBot цифрлық сервистердің тұрғындар мен мемлекет арасындағы өзара байланысты жақсартудағы, мәселелерге жедел әрекет етудегі және жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігін арттырудағы маңызын айқын көрсетеді.

@TazaQazBot — жайлы әрі таза орта қалыптастырудағы сіздің сенімді құралыңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Таза Қазақстан»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Бүгін 14:18

Биыл Алматыда 12 мың жаңа шам орнатылып, 126 км жарық желісі тартылады

Бүгін 14:09

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлы тұлғаларды ұлықтау жұмысына тың серпін беру аса маңызды»

Бүгін 14:05

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өтті

Бүгін 13:51

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кітап оқу үрдісі ұлттың озық қасиетіне айналғаны жөн»

Бүгін 13:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика