AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматыда Терренку...

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматыда Терренкур өзенінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілді

Әлеумет 14.03.2025, 14:12 737 Nursok82
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматыда Терренкур өзенінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілді
Қайрат Қонысбаев

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында Теренқұр өзенінің жағалауының бойында жинау жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл шара мегаполистің жалпы қалалық тазалық кампаниясы аясында Медеу ауданында өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Таңертеңгі уақытта тазалық жұмыстарына студенттер, мектеп оқушылары, қарапайым қала тұрғындары қатысты. Олардың арасында мәдениет қайраткерлері, спортшылар, қоғам белсенділері мен жастар қозғалыстарының мүшелері де болды. Мысалы, «Арқайым» тобының солисі, «Алматы Әуендері» қызметкері Абзал Арықбаев өзінің жұбайы және төрт жасар баласымен бірге акцияға қатысты.

– Біз отбасымызбен «Таза Қазақстан» акциясына қатысу үшін келдік. Балаға экологиялық мәдениетті жас кезінен қалыптастыру маңызды. Барлық қазақстандықтарды осындай жақсы шараларға қатысуға шақырамын. Бұл біздің қала мен еліміз, әрқайсымыз оны жоғары деңгейге көтеру үшін күш салуымыз керек, – деді музыкант.

Шараға қатысушылар қала тазалығын сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін айтады.

– Қазіргі таңда бүкіл Қазақстан бойынша «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбіліктер мен басқа да шаралар өткізіліп жатыр. Алматы өте әдемі қала, сондықтан оны таза ұстауға барлығымыз атсалысайық, – деді «Алматы Әуендері» концерттік ұйымының өкілі Дәурен Байбөрі.

Тазалық жұмыстарына алматылық спортшылар да белсенді қатысты.

– Мен Алматының тумасымын, осы қалада тұрып жатырмын, сондықтан қалаға деген жауапкершілігімді сезінемін. Қала таза, әдемі болсын деп тілеймін. Ал оны жүзеге асыру үшін біз, тұрғындар, барлығын жасауымыз керек. Таза қала – әркімнің ортақ міндеті. Сонымен қатар, ұзақ қыстан кейін табиғат оянып, қоқыс жинақталған жерлерді тазалау керек, – дейді Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин.

Оның қасында күректерін, айырлары мен сыпыртқыларды қолдарына алған спорт мектебінде оқитын балалар да тазалық жұмыстарына атсалысты. 

– Мен 7-сынып оқушысымын, достарыммен және сыныптастарыммен бірге тазалық шарасына келдім. Қаламыздың таза әрі әдемі болуына өз үлесімді қосқым келеді, – дейді акцияға қатысушы Ева Яковлева.

Балалар ересектерге ілесіп, белсенді жұмыс істеді.

 

– Барлығымыз Алматының таза, жарық және әдемі қала болғанын қалаймыз. Біз Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинмен бірге келдік және оған қарап өзіміз де жұмыс істеп жатырмыз, – дейді 10-сынып оқушысы Алпысбай Абдурахман.

Шараға «Жастур рухы» жастар қозғалысының өкілдері де белсенді қатысты. Жастар ұйымының белсендісі, ҚазҰПУ филология факультетінің 4-курс студенті Әбдікамал Алсын өткен жылы «Жастур рухы» ұйымының 150-ден астам өкілі экологиялық шараларға қатысқанын айтты.

– Көктемнің келуімен біз, университеттер мен колледждердің студенттері, қаламызды тазарту шараларына белсене қосылдық. Сонымен қатар, оқу уақытынан бос кезде экопатрульдер жұмысына қатысып, қоқыс орындары мен әкімшілік бұзушылықтарды анықтап, қажетті шараларды қабылдаймыз, – деді Әбдікамал Алсын.

Еске сала кетсек, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» кампаниясы аясында мегаполис аудандарында парктерді, скверлерді, өзен алқаптарын тазарту жұмыстарымен қатар басқа да экологиялық шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Тереңқұр #Алматы – біздің ортақ үйіміз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);