AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тәулігіне 140 литр ауыз судан артық қолдануға болм...

Тәулігіне 140 литр ауыз судан артық қолдануға болмайды

Әлеумет 05.09.2025, 11:02 724
Тәулігіне 140 литр ауыз судан артық қолдануға болмайды
Сурет: Gov.kz

Бұл шектен асқандар 30 пайыз қосымша ақы төлеуге міндетті болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Министрлік бекіткен нормаға сәйкес, әр адамға бір күнде 140 литр су беріледі. Бұл шектен асқандар қосымша ақы төлеуге міндетті болады. Шенеуніктердің айтуынша, мұндай шара суды үнемдеуге бағытталған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керімқұловтың сөзінше, бұған дейін өңірлерде су тарифі әртүрлі есептелген. Мемлекет жергілікті жүйелерді субсидиялап келгендіктен, бюджетке қосымша ауыртпалық түскен.

— Қазіргі таңда бір адамға тәулігіне 140 литр толық жеткілікті деп есептейміз, — деді ол.

Экономист Сапарбай Жобаев жаңа норма көпшілікке ауыр тимейтінін айтады. Оның пікірінше, қазақстандықтардың орташа тәуліктік шығыны 100–120 литрдің шамасында.

— Бұл өзгеріс халықтың қалтасын қақпайды. Бірақ суды үнемдеуге ынталандырады. Артық жұмсайтындар үшін тәртіп орнатады, — деді ол Информбюро31-ге.

Жаңа ереже 13 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі. Осы күннен бастап әр литр су есепке алынып, артық пайдаланған жағдайда азаматтар қосымша төлем жасайды. Үкімет халықты ысырапшылдықтан арылып, тіршілік нәрін үнемдеуге шақырып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #ақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зияткерлік жарыс алматылық білімді жастарды біріктірді

Бүгін 19:01

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);