AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сауалнама / «Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы...»

«Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы...»

Сауалнама 04.08.2021, 09:59 9,873 Олжас ЖОЛДЫБАЙ
«Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы...»
Сурет: Аqmeshit-zhastary.kz

Азиза ЖОЛДЫБАЙ, магистрант:


– Тәуелсіздікті қадірлеу - бәрімізге борыш. Өйткені бұл ұғымның аясы кең, өресі биік. Түсіне білген жанның кеудесіне қуаныш орнататын сезім. Кешегі алаш алыптары Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы аталарымыз осы жолда жан аямай еңбек етті. Өмірін берді. Халқының арда ұлдарынының арманын жалғау үшін біз де тынбауымыз керек. Басты міндет - ілім мен білімді дамыту. Ғылымды ілгерілету. Жан-жақты біліктілікті арттыра беру қажет.


Біздің заманымыз жылдамдық пен бәсекелестікке құрылған. Сіздің бүгін ашқан жаңалығыңыз ертең өзекті болмауы мүмкін. Сондықтан ақыл мен қажыр-қайратты бірлестіре отырып қимылдаған абзал. Міне, осыдан кейін барып әрқайсымыздың елге пайдамыз тимек.


Құрбан ЗҰЛЫПҚАРҰЛЫ, спорт жаттықтырушысы:


– Барымыз да, бағымыз да - Тәуелсіздік. Шынымды айтсам, іштей разымын. Мамыржай халқымыз бар. Оны түсіне білетін саналы жас ұрпағымыз өсіп келеді. Бейбіт мекенде ғұмыр кешудемін. Қолынан іс келетіндердің дәуірі. Ең бастысы, нәтижелі тірлік істесе, қалғаны өз ретімен келмек. Дүниеде әлі күнге дейін егемендікті аңсайтындар қаншама? Азат болып, өз алдына күн кешу оларға сағымдай көрінуде. Сол себепті ел мен жердің қасиетін бағалау парыз деп санаймын.


Жаратқан ие байтақ Отанымызды тіл мен көзден сақтасын! Көк байрағымыз  аспанымызда мәңгі желбірей берсін!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік #мен #үшін #қадірлеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);