AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Татулық пен келісім – басты байлық ел үшін

Татулық пен келісім – басты байлық ел үшін

Мәдениет 16.03.2024, 17:04 1,204 Ернұр РЫСБАЙ
Татулық пен келісім – басты байлық ел үшін
Сурет: almaty-akshamy.kz

Қала жастары ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттады


Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Алматы қаласының комьюнити орталығында қала жастары ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау мақсатында театрландырылған көрініс дайындады. Шара қонақтарына ұлттық тағамдардан дәм татқызып, қонақжайлықтың әдемі үлгісін көрсетті.


«Шараның мақсаты - ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені насихаттау», - дейді ұйымдастырушылар.



«Наурыз мейрамы – көктемгі жаңару мерекесі, көктемгі күн мен түннің теңесуімен тұспа-тұс келетін жаңа жылдың басы, бұл – махаббаттың, құнарлылық пен достықтың салтанат құру мерекесі. Бұл мереке бізді өз мәдениетіміз бен туған жерімізді құрметтеуге, елімізде тұратын түрлі ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық пен өзара түсіністікті сақтауға ұмтылуға үйретеді. Наурыз мейрамын тойлау жастардың көшпелілер өркениеті туралы білімдерін қалыптастыруға, тарихи ұғымдар туралы білімдерін арттыруға, көшпенділер мәдениеті мен қазақ халқының тарихына деген құрмет пен сүйіспеншілікті тәрбиелеуге мүмкіндік береді», - деді Алмалы ауданы комньюнити орталығының жетекшісі Бағдат Анарбаева.


Сонымен қатар, Наурызнама онкүндігі аясында, қаланың белсенді жастары “National day” челленджін бастады. Челлендж аясында, жастар ұлттық киімдердің заманауи нұсқасын ұсынып, челленджге қосылуға шақырды. Заманауи ұлттық киімдерді «AR» демалыс орталығының белсенділері жасаған.


«Осы іс-шара аясында біз ұлттық киім әдемі ғана емес, сонымен қатар жастар үшін өте стильді және күнделікті өмірде ыңғайлы болатынын көрсеткіміз келді», - деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.



Айта кетейік, Наурыз мейрамы аясында қаладағы барлық комьюнити орталықтарында жастарға арналған түрлі іс-шаралар жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдениет #салт-дәстүр #жастар #наурыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конференция өтті

Бүгін 10:35

Сейфуллин – Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды

Бүгін 10:18

Алматыда JAN Production киностудиясының директоры қамалды

Бүгін 09:10

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);