AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ТАТУЛЫҚ, ДОСТЫҚ, БІРЛІК салтанат құрған елімізге...

ТАТУЛЫҚ, ДОСТЫҚ, БІРЛІК салтанат құрған елімізге құрмет те  шексіз

Әлеумет 01.03.2025, 10:35 689 Нұржамал ӘЛІШ
ТАТУЛЫҚ, ДОСТЫҚ, БІРЛІК  салтанат құрған елімізге құрмет те  шексіз
almaty-akshamy.kz

Бүгінде қай этнос болсын, бәрі де елімізде қалаған жұмысымен айналысып, өз тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, өркендете алады. Құшағы ыстық, пейілі кең қазақ елі ешкімді кеудесінен итермек емес. Себебі, бұл біздің бабамыздың қанымен келе жатқан ірі қасиет. Сондықтан бізді мекен етіп жатқан басқа этнос өкілдерінің өсіп, өніп, көктеп отырған жеріне алғыс білдіруі орынды.

Алғыс айту күні жақындап келеді. Жылы сөз, ілтипат, түзу пейіл адам жанын нұрға толтырады, жақсылықтарға бастайды. Қазақ жеріне әрдайым ыстық ықыласын білдіруден тартынбайтын жаны ізгі жандардың қатарында алматылық отандасымыз, күрд диаспорасының көрнекті өкілі, меценат, қоғам қайраткері Рафик Якубоглы Мирзоев та бар. Ол бірнеше тілді меңгерген, соның ішінде қазақ тіліне де жетік.

Сондай-ақ, ол көпмәдениетті, көпэтносты мемлекетіміздегі конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту жолында үнемі азаматтық ұстанымын білдіріп, мегаполисте өтетін мәдени-рухани кештердің, қайырымдылық іс-шаралардың белортасынан табылып жүреді.

 Тақырыпқа орай

 Рафик МИРЗОЕВ, «Құрмет» орденінің иегері, меценат, қоғам қайраткері:

 Мен бақыттымын!

 Қазақстан халқының, қазақ ағайындардың ортасында өмір сүріп, осы елден өз орнымды тапқаныма ризамын. Маған ғана емес, талай этносқа құтты қоныс, жылы ұя болып отыр. Бәріміз бейбіт таңмен таласа тұрып, өз тірлігімізбен алаңсыз айналысып, кешке шаңырағымызға аман-есен оралудың өзі бір бақыт. Ал ешкіммен араздаспай, жайлы, толыққанды өмір сүру – мың бақыт. Осынау тыныш өмірдің арқасында Қазақстан өсу, өркендеу жолынан таймақ емес.

Біздің Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде орын алған төтенше жағдайлардан ешқашан сырт қалған емес. Барлық этнос біріге кетіп, суға кеткен аймақтардағы отандастырымызға үй салып беруге көмектесті. Осынау сын сағаттарда көпбалалы отбасылардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың, қарттардың жанынан табыла білдік. Біздің бірлігіміз, ниетіміз осындай сәттерде көрінеді. Біз өзіміз де осылайша көптің алғысын арқалап жүрміз. Алғыс айту күн бізді бұрынғыдан да жақындастыра түседі деп ойлаймын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алғыс айту #Қазақстан халқы Ассамблеясы #Алғыс айту күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);