AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда құс етін өндіру көлемі артты

Қазақстанда құс етін өндіру көлемі артты

Экономика Бүгін 09:03 37
Қазақстанда құс етін өндіру көлемі артты
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бес жылда өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 58%-дан 78%-ға өсті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Соңғы бес жылда Қазақстанда құс шаруашылығы қарқынды дамып, отандық өндірістің әлеуеті айтарлықтай артты. Атап айтқанда, құс етімен ішкі нарықты қамтамасыз ету деңгейі 58%-дан 78%-ға дейін көтерілді. Оған мемлекеттік қолдау, қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту және жаңа өндіріс орындарын іске қосу ықпал етті.

Алдағы уақытта  ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы саланы одан әрі нығайту жоспарланып отыр.  Бұл құс етін өндіру көлемін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті төмендетуге және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге жол ашады.

Қазіргі таңда елімізде 70 құс фабрикасы жұмыс істейді. Оның 37-сі жұмыртқа өндіруге маманданған, жылдық өндірістік қуаты – 4,5 млрд дана. Қалған 33 кәсіпорын құс етін өндірумен айналысады. Олардың жылдық жиынтық қуаттылығы 510 мың тоннаға жетеді. Айта кету керек, жұмыртқа өндірісі бойынша Қазақстан ішкі нарықтың қажеттілігін отандық өнім есебінен толық өтеп отыр.

Болашақта жылына 200 мың тоннадан астам өнім өндіруге мүмкіндік беретін қосымша өндіріс орындарын іске қосу көзделген. Соның ішінде «Aitas» пен «Алель Агро»  кәсіпорындары қолға алатын  жобалар 170 мың тонна жаңа өндірістік қуат қалыптастырмақ. Бұл бастамалар ішкі нарықтағы отандық құс етінің үлесін едәуір арттырады.

Отандық өндірушілер экспорттық бағытта да белсенді жұмыс жүргізіп, шетелдік нарықтардағы қатысу аясын кеңейтіп келеді. Былтыр Қазақстан 32 мың тонна құс етін экспорттады. Ал осы жылдың алғашқы тоғыз айында экспорт көлемі 14,2 мың тоннаны құрады. Өнімдер ЕАЭО елдеріне, Әзербайжанға, Моңғолияға және Катарға жеткізіледі. Сонымен қатар Қытай нарығына шығу жұмыстары жүргізілуде. Құс етін Қытайға экспорттауға қатысты хаттамаға қол қойылып, қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпорындарды Қытайдың экспорттаушылар тізіліміне енгізу мәселесі қарастырылуда.

Саланың тұрақты дамуы үшін ұзақ мерзімді және жеңілдетілген қаржыландырудың қолжетімді болуы маңызды. Осы мақсатта құс шаруашылығы кәсіпорындарына жылдық 2,5% мөлшерлемемен, 10 жылға дейінгі мерзімге инвестициялық несиелер беріледі. Бұдан бөлек, айналым қаражатын толықтыруға арналған жылдық 5% мөлшерлемемен қаржыландыру бағдарламасы жұмыс істейді. Аталған бағдарлама аясында 17 құс фабрикасына жалпы сомасы 27,2 млрд теңге қаржы берілді.

Биыл ет бағытындағы құс шаруашылығын қолдауға 28 млрд теңге субсидия қарастырылған. Оның ішінде тәуліктік балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқа сатып алу құнын арзандатуға 1 млрд теңге бөлінді. Сонымен бірге жемшөп өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында көлемі 201 мың тонналық жемдік астықтың резервтік қоры жасақталды. Ол белгіленген бағамен сатылып, кәсіпорындардың жемшөп шикізатына деген қажеттілігін қолжетімді шарттармен өтеуге және өндірістік шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Саланы дамытудың тағы бір басым бағыты – отандық асыл тұқымды базаны қалыптастыру. Осы бағытта елімізде асыл тұқымды материал өндіруді ынталандыру үшін бірінші және екінші деңгейлі репродукторларды салуға арналған инвестициялық субсидиялау нормативтері жаңартылды. Бұл өз кезегінде құс шаруашылығында өндірістің барлық кезеңін ел ішінде ұйымдастыруға, сыртқы жеткізілімдерге тәуелділікті азайтады.

Жалпы, Қазақстанның құс шаруашылығы жаңа даму кезеңіне қадам басты. Қазір өндіріс орындарымен қатар, отандық асыл тұқымды базаны дамыту, жемшөппен тұрақты қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті күшейту арқылы бәсекеге қабілетті өндіріс жүйесін қалыптастыруға басымдық берілген. Негізгі міндет – ішкі нарықтағы қазақстандық өнімнің үлесін одан әрі арттыру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент жолдауы: цифрлық экономика әр азаматқа қолжетімді болуы тиіс

Бүгін 08:44

Алматыда "Музыкалық аспаптар әлемі" ашылды

Кеше 19:40

«Астана – есірткісіз қала»: елордада кикбоксингтен республикалық турнир өтті

Кеше 17:33

Almaty Aqparat медиахолдингіне жаңа басшы тағайындалды

Кеше 17:25

Үкіметте жылыжай көкөністері, ет және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары қарастырылды

Кеше 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);