Тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан полицейлер отбасына 5 жылдық қызметтік қаржы төленеді - Тұрғымбаев

Тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан полицейлер отбасына 5 жылдық қызметтік қаржы төленеді - Тұрғымбаев Сурет: Elorda.info

Қайтыс болған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына қолдау көрсетілуде


Бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев еліміздегі тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



«Жақында қаңтарда террористер қолынан полиция мен Ұлттық ұланның 8 қызметкері қайтыс болды, 2911-і жарақат алды. Ерлікпен қаза болғандар ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Олардың отбасына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Одан бөлек, заң бойынша қызмет міндетін атқару барысында қайтыс болған қызметкердің отбасына 5 жылдық қызметтік қаржысы және жерлеу үшін 3 айлық өтемақы төленеді», - деді Ерлан Тұрғымбаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21