AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «Алматы кештері» музыкалық кеші өтті

«Алматы кештері» музыкалық кеші өтті

Алматы Бүгін 20:57 51
«Алматы кештері» музыкалық кеші өтті

Алматы қаласындағы «Конкордия» студенттік театрында «Алматы кештері» атты музыкалық кеш өтті.

Мәдени іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Кажденбек Азиз Оралбекұлының қолдауымен, Алатау ауданы комьюнити орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Музыкалық кештің басты мақсаты – шығармашыл жастарды қолдау, олардың өнерін көпшілікке таныстыру, шығармашылық әлеуетін арттыру және үлкен сахнада өнер көрсетуіне мүмкіндік жасау.

Кеш барысында Алматы қаласының комьюнити орталықтарында шығармашылық қабілеттерін шыңдап, вокалдық шеберліктерін дамытып, авторлық әндерін жазып жүрген талантты жастар өнер көрсетті.

Жас орындаушылар жанды дауыста, музыкалық ансамбльдің сүйемелдеуімен ән шырқап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Концерттік бағдарламада Алматы қаласына арналған «Алматы түні», «Алматы кешінде» және басқа да танымал музыкалық шығармалар орындалып, шаһардың ерекше рухы мен әсем келбеті ән арқылы дәріптелді.

Музыкалық кешке қаланың әр ауданынан келген жастар, студенттер, комьюнити орталықтардың белсенді қатысушылары мен өнерсүйер қауым көрермен ретінде қатысты.

Айта кетейік, Алматы қаласының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының қолдауымен қалада 12 комьюнити орталық жұмыс істейді. Аталған орталықтардың негізгі мақсаты – жастардың түрлі әлеуметтік санаттарын қамту, оларды қоғам өміріне белсенді араластыру, әлеуметтендіру және жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

Комьюнити орталықтар NEET санатындағы жастармен, жұмысшы жастармен, базарларда еңбек ететін жастармен, студенттермен, жұмыссыз және әлеуметтік қолдауды қажет ететін жастармен, сондай-ақ қаланың өзге де жас тұрғындарымен жүйелі жұмыс жүргізеді.

Орталықтар қызметінің маңызды бағыттарының бірі – шығармашыл жастарды қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру және өнер саласында дамуына мүмкіндік жасау. Осы мақсатта жастардың вокалдық, музыкалық және басқа да шығармашылық қабілеттерін дамытуға, авторлық жобаларын жүзеге асыруға және өз өнерін кең аудиторияға таныстыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Кажденбек Азиз Оралбекұлының қолдауымен комьюнити орталықтарда жастардың бастамаларын жүзеге асыруға, шығармашылық және әлеуметтік жобаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

«Алматы кештері» музыкалық кеші – осы жүйелі жұмыстың нақты нәтижелерінің бірі. Жоба комьюнити орталықтарда шығармашылығын дамытып жүрген жас таланттарға үлкен сахнада өнер көрсетуге, тәжірибе жинақтауға және өз қабілеттерін қала тұрғындарына таныстыруға мүмкіндік берді.

Мұндай мәдени бастамалар жастардың шығармашылық дамуына серпін беріп қана қоймай, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына, өзіне деген сенімділігін арттыруына және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуына ықпал етеді.

«Алматы кештері» – жас таланттарды қолдауға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және Алматы жастарын өнер арқылы біріктіруге бағытталған мәдени жоба.

Қала күніне орай ұйымдастырылған музыкалық кеш Алматының жас өнерпаздары мен өнерсүйер қауымын бір ортаға тоғыстырып, қаланың мәдени өміріне ерекше серпін берген жарқын іс-шаралардың бірі болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Музыка #кештер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Бүгін 22:00

Алматыда Сыдық Дәулетовтің «Нар жолы» кітабы таныстырылды

Бүгін 20:52

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Бүгін 19:31

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Бүгін 18:01

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);