Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тарихшы ғалымдарға арналған стипендия тағайындалды

Тарихшы ғалымдарға арналған стипендия тағайындалды

Әлеумет 20.09.2023, 05:36 1,432
Тарихшы ғалымдарға арналған стипендия тағайындалды
Сурет: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Стипендия тарих ғылымдарының кандидаты Әлімғазы Дәулетхан атында. 


ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Әлімғазы Дәулетхан 80-ге толды. Осыған орай, 15 қыркүйек күні Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында  “ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ТАРИХИ МӘСЕЛЕЛЕРІ” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға 50-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында, мерейтой иесінің етжақын туыстары және Қазақстанның белгілі ғалымдары, академиктер, ғылым докторлары мен ақын, жазушылар сондай-ақ, Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының профессорлары келіп қатысты.


Әлімғазы Дәулетханұлы 1943 жылдың 15 қыркүйегінде ҚХР ШҰАР-ның Іле Қазақ автоном облысына қарасты Күнес ауданының Түрген ауылында мұғалім отбасында дүниеге келді.


Конференция модератор тізгінін М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, филол.ғ.д., профессор Матыжанов Кенжехан Сләмжанұлы және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, аға сарапшы,  т.ғ.к., Шашаев Әуезхан Қадыржанұлы жүргізді.


Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда құттықтау сөзімен бірге, жазушы, кинодраматург, Түркі дүниесі әдеби сыйлығының лауреаты, Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Абатұлы Елубай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры м.а., филол. ғ.д., Жұбай Орынай, Қазақ қыздар педагогикалық университетінің  профессоры, филол. ғ.д., Зайкенова Руда  Зайкенқызы, әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының директоры, т.ғ.д., профессор Нәбижан Мұқаметханұлы, жазушы-публицист, Қазақстан Педагогикалық ғылым академиясының академигі, профессор Тоқашбаев Марат Бәйділдаұлы қатарлы тарихшылар мен белгілі ғалымдар баяндамаларын жасады. Баяндама кезінде тәуелсіз Қазақстандағы тарих ғылымының дөп келген өзекті мәселелері мен түйіткілді проблемалары кеңінен талқыланды және ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы негізінде ортақ қарар қабылданды.


Сондай-ай, конференция кезінде «Шығыс Түркістандағы дүрбелеңмен өткен қырық жыл (1912-1952)» атты зерттеу монографиясы, «Ұлылардың ұлағаты» атты автордың шығармашылық еңбегі және «Шығыстың сөнбес жұлдызы – Дубек Шалғынбаев» атты қолжазба мұрағаттық зерттеу еңбегі мен ғылыми-практикалық конференция жинағының тұсаукесері өтті. Сонымен бірге жас зерттеуші, тарихшы ғалымдарға арналған Әлімғазы Дәулетханұлы атындағы стипения тағайындалды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тарих ғылымдары #кандидат #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика