AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Таразыңыз таза ма?

Таразыңыз таза ма?

Әлеумет 25.09.2023, 09:27 1,064 Almaty-akshamy.kz. 
Таразыңыз таза ма?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі сауда-коммерциялық операциялар кезіндегі тауарлар салмағының өлшемдерімен толықтырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 



Басқаша айтқанда, енді әрбір сауда объектісі елдің барлық облыстарында бар аккредиттелген (құзыреттілігін бағалаудан өткен) салыстырып тексеру зертханаларының аттестатталған салыстырып тексерушілердің көмегімен таразыларын жыл сайынғы міндетті салыстырып тексеруден өткізуі тиіс. Егер бұрын салыстырып тексеру туралы талап тек сатылатын тауарлардың геометриялық параметрлерін өлшейтін өлшем құралдарына қатысты болса (ұзындығы және т.б.), енді таразылар да қосылды.


Салыстырып тексерудің мәні өлшем құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестігін растау болып табылады. Ол үшін аттестатталған салыстырып тексеру әдістемесі пайдаланылады, бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылып, нәтижесінде оң нәтижелері салыстырып тексеру таңбасының бедерімен куәландырылады, ал теріс жағдайда өлшем құралының жарамсыздығы туралы хабарлама жіберіледі. Рәсімнің шығыны көп емес, сарапшылардың бағалауы бойынша нарықтағы орташа есеппен 5000 теңгеден сирек асады және арнайы гірлерді пайдалануды көздейді.


Өзгерістер «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңның қолданыстағы ережелеріне негізделген, ол мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілерінің ішінде сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санын тікелей анықтады, және де ішкі сауда ережелеріне сәйкес сауда объектісі қажетті сауда құрал-сайманымен, жабдығымен, оның ішінде !Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңның талаптарына сәйкес қолдануға рұқсат етілген өлшем құралдарымен қамсыздандырылады.


Осылайша, салмағы бойынша өнімді сату кезінде тұтынушылар өлшеудің анық емес нәтижелерінен Заңмен қорғалады және олар ақысы төленген салмақты ала алады. Сараптамалық бағалаулар бойынша салыстырып тексеруге ұсынылатын өлшем құралдарының шамамен 8-10 %-ы одан өтпейді, сол арқылы жарамды болып табылмайды.


Заң талаптарын сақтамағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 419-бабында жеке (30 АЕК) және заңды тұлғаларға (230 АЕК-тен 600 АЕК-ке дейін) айыппұл түрінде жауапкершілік қарастырылған.



Шара пісіп жетілген, ол кезінде «көзден таса болды» деп айтуға болады және бақылау 4 жылдан астам уақыт жүргізілмеген. Минут сайын бүкіл ел бойынша мыңдаған сауда нысандарында тұтынушылар түрлі жағдайдағы таразыларға «қарамай» сеніп, өлшеулердің тексерілмеген нәтижелері үшін өз қаражаттарын төлей береді. Азаматтардың шағымдары келіп түседі. Салыстырып тексеру таразының дәлдігін, тұтынушыларды қорғауды және алдамшы тәжірибелерді азайтуды қамтамасыз етеді, - деп атап өтті СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.



Жаңашылдық ауылшаруашылық жәрмеңкелерге қолданылмайды деп қосты сауда министрлігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#таразы #сауда #тексеру #әлеумет #қоғам #адам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 17:48

Алматыда жасанды интеллект негізіндегі «ақылды» жылумен жабдықтау жүйесі енгізіледі

Бүгін 17:46

2026 жылы Алматыда 270 шақырымға жуық электр желісі жаңғыртылады

Бүгін 17:45

Алматыдағы Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры айтулы халықаралық фестивальге қатысады

Бүгін 17:42

Алматының Жетісу ауданында жаңа «демалыс күнгі жәрмеңке» ашылады

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);