AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тараз қаласында қазақ киносының онкүндігі өтеді

Тараз қаласында қазақ киносының онкүндігі өтеді

Әлеумет 31.03.2025, 17:27 925
Тараз қаласында қазақ киносының онкүндігі өтеді
gov.kz

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақ киносының онкүндігі шарасын жалғастыруда. 28 наурызда шара  Жамбыл облысында мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен өтті.

Тараз қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылған шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Кино орталығының қолдауымен түсірілген «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмі көрсетілді.

«Тарихыңды білмесең, келешекті болжай алмайсың» деген сөз бар. Біздің де Жамбыл облысында «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмін ұсынуымыз бекер емес. Биыл 6 жылдығын атап өткен Ұлттық кино орталығының негізгі миссиясы – өткеннен сыр тартып, осындай тарихи тұлғаларымыздың жарқын мұрасын жас ұрпаққа насихаттау.

Фильмнің аты айтып тұрғандай, қазақ ауыз әдебиетінің айтулы тұлғасы, жыр алыбы Жамбыл Жабаев туралы. Фильмде ақынның өміріне әсер еткен айтулы оқиғалар суреттелген. Атап айтқанда, ақындар слеті, ақын өлеңдерінің баспасөзде жариялануы. Сондай-ақ Жамбыл Жабаевтың Ораз Жандосовпен және басқа да көрнекті қайраткерлермен кездесуі көрсетіледі. Шара еліміздің өзге өңірлерінде де жалғасады. Біздің мақсат – ауыл-аймақтағы көрерменді отандық киномызбен, Орталықтың фильмдерімен таныстыру», – деді Ұлттық киноны қолдау орталығының Басқарма Төрағасы Құрманбек Жұмағали.

Тарихи байопиктің сценарисі әрі қоюшы-режиссері – Жандос Құсайынов. Шығармашылық топ туындыға кіріспес бұрын архивтерді ақтарғанын ескеру керек. Ол үшін тіпті Мәскеудегі мұрағаттар зерттелген.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақ киносының онкүндігі Қарағанды облысында өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #Кино #Тараз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);