AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тараз ежелгі Олимпиямен бауырлас қала атанды

Тараз ежелгі Олимпиямен бауырлас қала атанды

Әлеумет 06.11.2023, 09:53 1,074
Тараз ежелгі Олимпиямен бауырлас қала атанды
Сурет: Z-taraz.kz

Тараз - Олимпиада ойындарының Отаны - ежелгі Олимпиямен бауырлас қала атанды.


Бауырластық актісіне әр 2 жыл сайын Олимпиада алауын тұтату салтанаты өтетін әрі грек халқы үшін қасиетті жер саналатын Гера ғибадатханасының алдында қол қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қос шаһар арасында бауырластық қатынас орнатуға еліміздің Грекиядағы елшілігі мен Қазақстан-Грекия Іскерлік Кеңесі мұрындық болды. Ежелгі Олимпия Юнеско-ның әлемдік мұра нысандарының қатарында. Халықаралық Олимпиада Академиясы да осында орналасқан. Қос қала әкімдері өз өңірлері мен іскер топтары арасында экономикалық байланыстарды нығайтуға уағдаласты.



«2 мың жылдан астам бай тарихы бар, Шығыс пен Батыстың халықтары мен мәдениеттерінің түйісетін жері саналатын Таразбен бауырластық орнатқанымызға қуаныштымыз. Енді қос қала халқының ынтымағы бекіп, мәдени, іскерлік байланысымыз артады деген сенімдеміз»,  - деді Олимпия қаласының әкімі Георгиос Георгиопулус.




«Спорт, мәдениет саласы білім мен ғылым саласы бойынша да жобалар іске асырамыз деген жоспарымыз бар. Осы ежелгі Олимпия қаласының туризмді дамыту бойынша істеген жұмыстарын, олардың тәжірибесін де біз жан-жақты зерделеп, Тараз қаласында да туризмді дамыту бойынша нақты жұмыс жасаймыз деген жоспарымыз бар», - дейді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тараз #Олимпия #бауырлас қала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:09

«Алматы» ӘКК мен «Қазақмыс корпорациясы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін 11:24

Жаңбыр жауып, дауыл соғады: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика