AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Тамызда Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумы өтеді

Тамызда Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумы өтеді

Саясат 31.07.2023, 10:26 1,267 Almaty-akshamy.kz. 
Тамызда Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумы өтеді
Сурет: ашық дереккөз

 Елордада 2-4 тамыз күндері Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумы өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«2-4 тамыз аралығында Астана қаласында Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумы өтеді. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдары, квазимемлекеттік сектор мен іскерлік топтардың 400-ден аса өкілі қатысады. Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы қатынас тату көршілік, өзара сенім мен тиімді ынтымақтастыққа негізделген. Қазақстан мен Ауғанстан халықтары - тарихи тамыры ортақ, ежелден бері бір аймақты мекендеп келе жатқан көршілес, салт-дәстүрі мен тағамдары ұқсас елдер. Ауған халқы да біздер секілді әл-Фарабиді мақтан тұтып, өз ата-бабасы ретінде қарайды», - деді Қанат Тумыш Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.



Сонымен қатар ол Ауғанстан халқы шын мәнінде терең тарихы мен мәдениеті дамыған ел екендігін баса айтты.



«Олардың қатарынан ислам өркениетінің алтын ғасырларында көптеген ғұлама шыққан болатын. Жалпы, ауғандықтар өте еңбекқор халық, керемет қолөнершілер, зергерлер, диқаншылар. Қазақстан Ауғанстанның тәуелсіз, бейбіт, бейтарапты демократиялық және гүлденген ел ретінде дамығанын қалайды», - деді министр орынбасары.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#бизнес форум #квазимемлекеттік сектор #іскерлік топтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);