ffin.kz

Тамыз айында Қазақстанда мектеп мұғалімдері тапшы болды

Тамыз айында Қазақстанда мектеп мұғалімдері тапшы болды Сурет: Newtimes.kz

Өткен айда кәсіби мамандар белсенділік танытты. 


Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстанның кей өңірлерінде мектеп мұғалімдері тапшы болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Электрондық еңбек биржасының деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз айында жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер 57,5 мың түйіндеме мен 113,1 мың бос жұмыс орны жөнінде хабарлама орналастырды. Шілдемен салыстырғанда, түйіндемелер саны 20%-ға, ал бос орындар туралы хабарландыру саны 38%-ға артты», – делінген Еңбек және халықты әдеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мамандардың айтуынша, шет тілдері мұғалімдері, орыс тілі мен әдебиеті, сондай-ақ бастауыш сыныптар мен математика пәндерінің ұстаздарына сұраныс көп болған.



«Өткен айда ұсыныс жоғары білікті кадрлардың белгілі бір мамандықтарына деген сұранысты ішінара қанағаттандырды және осы салада кейбір мамандардың тапшылығы және басқалардың артық болуы қалыптасты. Мысалы, жұмыс іздеп жүрген дене шынықтыру және спорт мұғалімдері талап етілгеннен көп болды – 1269 түйіндемеге 805 бос жұмыс орны, ал 1180 түйіндемеге қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің 788 бос орны ғана келді», – деп атап өтті ҚР Еңбекмині «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская. 



ЭЕБ-дағы түйіндемелер мен бос жұмыс орындарының санын салыстыру белгілі бір мамандану мұғалімдерімен қатар нарықта қызмет көрсету және сату саласындағы қызметкерлердің тапшылығы бар екенін көрсетті. Мысалы, тамыз айында күзетшілер (399 түйіндемеге 2189 бос орын), сатушы консультанттар (171 түйіндемеге 1169 бос орын), кассирлер (139 түйіндемеге 910 бос орын), аспаздар (500 түйіндемеге 1255 бос орын), сондай-ақ тәрбиешілердің көмекшілері (271 түйіндемеге 1024 бос орын) көбірек сұранысқа ие болды. 



«Ұлттық халық санағын өткізудің басталуы аясында тамыз айында сауалнама жүргізу бойынша сұхбат алушылар ең көп сұранысқа ие болды: 2560 бос орынға тек 8 түйіндеме ұсынылды», – деп атап өтті Александра Молчановская. 



Бұған қоса, белгілі бір мамандық мұғалімдерімен қатар, шілде айындағыдай, басқа білікті қызметкерлердің арасында заңгерлер, мал өсірушілер, фельдшерлер және қаржыгерлер де болды. Біліктілігі жоқ жұмыскерлер ішінен елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша қызметкерлер аз сұранысқа ие болды, алайда мектептердегі еден жуушылар арасында (241 түйіндемеге 1013 бос орын) және аула сыпырушылар арасында (523 түйіндемеге 1159 бос орын) жоғары сұранысты атап өтуге болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51