AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Таллинде Қазақстан-Эстония Үкіметаралық комиссиясы...

Таллинде Қазақстан-Эстония Үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысы өтті

Саясат 27.01.2025, 09:01 764 dulatbekova
Таллинде Қазақстан-Эстония Үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысы өтті
Сурет: Gov.kz

2024 жылғы 24 қаңтарда Эстония астанасы Таллинде Қазақстан тарапынан Көлік министрі М.Қарабаевтың және Эстония тарапынан Сыртқы істер министрі М.Цахкнаның төрағалығымен Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Эстония Үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстаннан мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен бизнестен 50-ге жуық делегат қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

 Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, сондай-ақ білім беру саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылады.

Отырыс аясында Эстония инфрақұрылым министрі В. Светпен екіжақты кездесу өткізілді. Транзиттік мүмкіндіктерді кеңейтуге және Қазақстан мен Эстония арасындағы, оның ішінде, теңіз порттары арқылы логистикалық байланыстарды жақсартуға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, Көлік министрі бірқатар эстониялық Eesti Raudtee, Muuga Grain Terminal, Skinnest Groupp сияқты ірі компанияларының, сондай-ақ Sillamae және Таллин порттарының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулердің қорытындысы бойынша Эстондық бизнеспен дамудың перспективалық бағыттары айқындалды.

Отырыс қорытындысы бойынша көлік-логистика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі нақты қадамдарды, сондай-ақ экономикадағы, цифрландырудағы, білім берудегі және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі уағдаластықтарды қамтитын Хаттамаға қол қойылды.

Комиссияның келесі отырысын 2026 жылы Астана қаласында өткізу жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таллин #Қазақстан-Эстония #үкіметаралық комиссия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);