AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Талғар ауданы тұрғындары Үлкен Алматы айналма жолы...

Талғар ауданы тұрғындары Үлкен Алматы айналма жолын салушылардың үстінен шағымданды

Әлеумет 25.05.2023, 14:32 1,233
Талғар ауданы тұрғындары Үлкен Алматы айналма жолын салушылардың үстінен шағымданды
Сурет: Zakon.kz

15 маусымда алты жолақты трасса бойынша көлік қатынасы іске қосылады


Үлкен Алматы айналма жолының (ҮААЖ) 66 шақырымын пайдалануға беру шамамен 15 маусымға жоспарланған. Бүгін, 25 мамырда жергілікті билік пен жол салған компания ірі автомагистральға жақын орналасқан Талғар ауданының бірнеше ауылы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кездесуге ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Бақтияр Жамбыл, "ҮААЖ Инвестициялар және операциялар" ЖШС жолды пайдалану және ұстау жөніндегі басшысы Нұрланбек Өмірбаев және Талғар ауданының әкімі Таңат Айбарбеков қатысты.


Нұрланбек Өмірбаев 15 маусымда алты жолақты трасса бойынша көлік қатынасы іске қосылатынын атап өтті. 66 шақырымға бірыңғай жылдамдық режимі орнатылады: 120 км/сағ. автомагистраль толығымен ақылы болады. Бұған дейін билік барлық автокөлік иелері мен тас жолға іргелес жатқан ауылдардың тұрғындары үшін тариф қандай болатынын айтқан болатын. Мәселен, Іле, Талғар және Қарасай аудандарының тұрғындары үшін Алматы және басқа өңірлердің тұрғындарына қарағанда жолақысы бірнеше есе аз болады, деп жазды Zakon.kz.


Алайда, жылдамдық пен айналма жолдың барлық артықшылықтарына қарамастан, ауыл тұрғындары үшін жергілікті шенеуніктер мен басқарушы компанияға қояр көптеген сұрағы бар болып шықты. Адамдар ұзақ мерзімді құрылыстан кейін жұмысшылар артында тонна қоқыс қалдырып, тіпті оны тазарту ниеттері жоқ екенін айтып наразылық білдірді.



Сондай-ақ бүгінде ауыр техника ары-бері жөңкілген ауылішілік жолдардың да жағдайы мәз емес. Барлық шұрқ-тесік. Енді мұндай жолдармен жүрудің өзі де мүмкін емес. Оған назар аударып жатқан ешкім жоқ. Жергілікті тұрғындар осыдан кейін мұндай учаскелерде жол апаты көбейетіндігіне сенімді.



"Өзіміз салған жол болған. Қазір барлығы ойдым-ойдым болып жатыр. Ауылдың кіреберістері быт-шыт, адам шошиды. Ондай жолмен жүру мүмкін емес. Бұл мәселелер қашан шешіледі? Біз жол салған компанияға айтсақ, олар әкімдікке жөн сілтейді. Әкімдік бюджетте ақша жоқ екенін айтып, кері ҮААЖ басшылығына сілтеме жасайды. Ақыры бұл мәселені өз бетімізше шешу керек боламыз ба деп қауіптенемін", – деп шағымданды Қызылқара ауылының тұрғыны Рустам Ойнаров.



Шенеуніктер жағдайды бажайлап, жақын арада бұзылған жолдарды кім жөндейтінін шешуге уәде берді. Бүгін кездесуде тек кейбір мәселелер ғана айтылды. Жергілікті тұрғындар ірі трасса іске қосылғаннан кейін де көп даулы мәселелер туындайтындығына сенімді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#БАКАД #Тұрғындар #Талғар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44

Алматыда «Nauryz Fest» мерекелік концерті көктемнің шуақты мерекесін қарсы алды

Бүгін 12:31

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «NAURYZ OPEN AIR» атты мерекелік концерт өтеді

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика