«ТАЙВАНЬ МӘСЕЛЕСІ» неге қайта көтерілді?

 «ТАЙВАНЬ МӘСЕЛЕСІ»  неге қайта көтерілді? Reuters.com

·      13 ақпанда АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайтында Америка мен Тайвань қарым-қатынасы туралы ақпараттық бюллетень жарияланды. Онда екі ел арасындағы қарым-қатынастың алдағы жай-күйі туралы ақпарат берілген. Әлемдік БАҚ пен қауымдастық ақпараттық бюллетеньдегі «Тайваньның тәуелсіздігін мойындамау» туралы сөздерді өшіріп тастағанын жарыса жазды. Алайда, 17 ақпанда АҚШ ресми мәлімдеме жасап, Мемлекеттік департамент сайтында техникалық жұмыстар жасалынғанын, сондықтан бұған дейінгі ақпарат қалпына келеді деген сыңайда ақпарат таратты. Бұған ҚХР Сыртқы істер министрлігі ешқандай үн қатпады. Ал Тайваньның сыртқы ведомствосы АҚШ-тың елді қолдағанын қуана мәлімдеді. Мұндай техникалық қателіктің әрине саяси астары бар. Ол туралы мақалада тарқатып көрейік.

 

АҚШ жан-жақты геосаяси ойын жүргізуде

 

Өткен аптада әлем Германияға көз тікті. Онда 14–16 ақпанда «Қауіпсіздік бойынша 61-Мюнхен конференциясы» өтті. Конференциядағы басты мәселе Украина мен Ресей арасындағы қарулы қақтығысты реттеу болды. Әрине, бұл тақырып бейресми түрде талқыланды. Себебі, конференцияның тақырыбы мүлде басқа, яғни «көпполяризация» еді. 

 

Конференцияға дейін «Қауіпсіздік туралы Мюнхень баяндамасы – 2025» жарияланды. Ол 8 бөлімнен тұратын 151 беттік құжат. Онда алғашқы 3 бөлім – АҚШ, Еуропа елдері және Жапонияға, ал қалған 5 бөлімі – BRICS (Қытай, Ресей, Үндістан, Бразилия, ОАР) елдеріне арналған. Баяндама авторлары халықаралық қауымдастық «көпполяризацияны» дұрыс деп есептегенімен, шындығына келгенде ол үлкен қауіп екенін ескерткен. Сондықтан олар «деполяризацияның» қажеттігін дәлелдеуге тырысқан. Олардың пікірімен келісуге болады. Себебі, поляризация кезінде халықаралық құқық дағдарысқа ұшырап, келіссөзге отыру мүмкіндіктері азаяды. Мұны АҚШ-тың вице-президенті Д.Венстің мәлімдемелерінен және АҚШ-ң соңғы кездегі іс-әрекеттерінен байқауға болады.

 

Қазір әлеуметтік желіде және БАҚ-тарда АҚШ вице-президентінің Мюнхен конференциясында сөйлеген сөздері қызу талқылануда. Оның мәлімдемелерінен АҚШ пен ЕО арасында тек жасанды интеллектіні дамыту саласында ғана емес, Украина мәселесіне де қатысты әртүрлі көзқараста екенін байқаймыз. Егер мұқият қарайтын болсақ, АҚШ-тың іс-әрекеттерінен ұлттық мүддені жоғары қойғанын көреміз. Трамптың Украина мәселесін осы бағытта шегініс жасағанына қарамастан тезірек шешуге деген ұмтылысы, стратегиялық мақсатқа жету үшін жасалған тактикалық әрекет екенін байқауға болады. Трамп әкімшілігінің басты мақсаты – Қытайды технологиялық, экономикалық тұрғыдан жеңу. Демек, Вашингтон қазір жан-жақты геосаяси ойын жүргізуде. Тайвань мәселесін қайта көтеру де осы  ойынның бір бөлігі ғана.

 

Әлем «жартылай өткізгіш өнеркәсіп» пен ЖИ саласын дамытуға күш салуда

3 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға сирек кездесетін металлдар, мұнай мен газды беру туралы ұсыныс жасағанын мәлімдеді. Егер В.Зеленский келіссе АҚШ ары қарай әскери қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Бұл мәлімдемеден кейінгі оқиғалар Украинаның Трамптың ұсынысынан бас тартқанын меңзейді. Себебі, өткен аптада Трамп Ресей президенті В.Путинмен телефон арқылы әскери қақтығысты реттеу мәселесін талқылады. Яғни В.Зеленскийдің қатысуынсыз Украина мәселесін шешуге кірісті. 

Екі мемлекеттің диалогынан кейін әлемдік БАҚ пен саясаткерлер Трампты жаппай айыптай бастады. Әсіресе, Мюнхен конференциясында ЕО көшбасшылары мен В.Зеленский АҚШ-қа қарата айтылған сөздерін аямады. Бұған Трамп Украинасыз келіссөз болмайды деп мәлімдеді. Оның сөзінде ащы болса да шындық бар. Себебі, оның түсінігіндегі келіссөз болып қойды. Ол Украинадан сирек кездесетін металлдарды бекер сұрамады. Көпшілік осы ақпаратты таратты, бірақ «АҚШ-қа бұл металлдар не үшін қажет?», – деген сұрақты қоймады, әрі оған жауап іздемеді. Жалпы ол қандай металдар?

БАҚ беттерін шолып шығып, Трамп қандай металл сұрады деген сұраққа жауап таппадық. Бәрі сирек кездесетін металдар деп жазған. Бірақ соңғы 10 жылдағы әлемдік тенденцияны біле отырып, қандай металдар екенін болжауға болады.

Украинада литий, бериллий, цирконий, тантал және өзге де сирек кездесетін металдардың қоры бар. Оның бәрі энергия өндіру мен «жартылай өткізгіш өнеркәсіп» дамытуға қажет пайдалы қазбалар. Ал бұл екі сала жасанды интеллектіні дамытуға қажет.

Жоғарыда атап өткен геосаяси процестен бөлек АҚШ Тайвань мәселесін де көтеруде. Өйткені, осы мәселені қайта көтеру арқылы стратегиялық бәсекелес Қытайға қысым жасамақ. Қала берді, Тайвань әлемнің «жартылай өткізгіш өнеркәсіп» орталықтарының бірі. Бұл сала соңғы жалдары жылдам дамып келеді. Смартфон, компьютер, электрокар және өзге де электр қуаты мен үлкен мәліметті қажет ететін құрылғылар микросхемалар арқылы жұмыс істейді. Ал олар «жартылай өткізгіш өнеркәсіпте» шығады.

Соңғы он жылда бұл сала процессорларды жасауға бет бұрды. Процессорлар жасанды интеллектіні жасауға қажет микросхемалар болып табылады. Тайваньның TSMC компаниясы осы саланың көшбасшыларының бірі. Сондықтан бір жағы АҚШ Қытайға қысым жасаса, екінші жағынан Тайваньның өзіне стратегиялық одақтас екенін тексеріп көруде. Себебі, Трамп билікке келісімен Тайвань «жартылай өткізгіш өнеркәсіп» саласында монополияға айналмауы тиіс деген сарында мәлімдемелер жасаған.

Жоғарыда аталған геосаяси ойынның бәрі ЖИ саласында бәсекелестіктің жүріп жатқанын көрсетеді. Алпауыт мемлекеттер не үшін бәсекеге түсуде? Себебі, «чат боттар» – бастамасы ғана. ЖИ болашақта әскери салада да қолданылады. Автономды әскери роботтар, дрондар жасап шығаруда бәсекелестік тартысты болмақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:29

17:24

17:20

17:14

17:09

17:00

16:56

16:48

16:47

16:46

16:44

16:39

16:38

16:31

16:26

16:25

16:21

16:17

16:16

16:11

16:08

16:07

16:04

15:59

15:58