конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-де...

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Алматы 30.05.2026, 17:42 385
«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында Алма-Арасан шатқалында «AMANAT» партиясы, оның «Жастар Рухы» жастар қанаты және Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен ауқымды экологиялық акция өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға колледж студенттері, еріктілер, эко-белсенділер, жастар ұйымдарының мүшелері және белсенді қала тұрғындары қатысып, жалпы саны 300-ден астам жасты қамтыды. Қатысушылар Алматы қаласының ең танымал табиғи орындарының бірі – Алма-Арасан шатқалының аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосты.

Акция қоршаған ортаны тазартуға бағытталған нақты қадам ғана емес, сонымен қатар жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды бастама болды.

«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қуаныш Төлеповтің айтуынша, экологиялық бастамалар партия қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

«AMANAT» партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттауға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Бүгінде жастарды қоғамға пайдалы нақты істерге тарту аса маңызды. Осындай акциялар табиғи аумақтардың тазалығын сақтауға ғана емес, сонымен қатар жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді», – деді Қуаныш Төлепов.

Экологиялық акция «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында өткізіліп, азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін нығайтуға бағытталды.

Айта кету керек, экологиялық бағыт «AMANAT» партиясы жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Партияның бастамасымен Алматы қаласының барлық ауданында тұрақты түрде «Таза бейсенбі» акциясы өткізіліп келеді. Оның аясында партия мүшелері, белсенділер, мәслихат депутаттары мен қала тұрғындары қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға, аумақтарды тазалауға және көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысуда.

Алма-Арасан шатқалында өткен экологиялық акция партияның «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысының жалғасы болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Алтынсарин даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:08

Air Astana тұрақты сатып алулар саласында IATA ISP сертификатын алды

Бүгін 18:52

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шаймерденов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:52

Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы екі күнге шектеледі

Бүгін 18:46

Қазақстан еркін күрестен Армениядағы халықаралық турнирде алты медаль жеңіп алды

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);