конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тағы екі лауазымды тұлғаның қылмыстық әрекеті әшке...

Тағы екі лауазымды тұлғаның қылмыстық әрекеті әшкереленді

Әлеумет 01.03.2022, 07:04 1,396
Тағы екі лауазымды тұлғаның қылмыстық әрекеті әшкереленді
Inform.kz

«Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы мен орынбасары ұсталды


Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» кеден бекетінде лауазымды тұлғалардың қылмыстық әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Телеграм каналында жарияланды.


Кеден бекетіндегі қылмыстық әрекетті Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментімен бірлесе анықтады.


Жедел жүргізілген айла-шара желісі бойынша қадағалау органының қызметкері «мәселелерді оң шешкені» үшін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара берген. Пара беру фактісі құжат түрінде рәсімделіп, нәтижесінде «Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды.


Сонымен қатар, тексерушілерге ірі көлемдегі тауар контрабандасын жасырғаны үшін 30 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара берген уәкілетті экономикалық операторлардың бірінің өкілі де ұсталды.


Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сол себепті өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылғы қаңтардан бастап кеден бекеттерінде уәкілетті экономикалық операторлардың қызметіне тексеру жүргізілетіні белгілі. Тексерулерге Бас прокуратура қызметкерлері жетекшілік етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #кеден #тұтқындалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жуалы көшесінің бір бөлігінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 16:00

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Бүгін 15:52

Алматыда «БЕС АСЫЛ» республикалық ұлттық өнер байқауы өтті

Бүгін 15:49

Ғазиза Құдайберген: газет-журнал шығару үрдісі үзілмеуге тиіс

Бүгін 10:02

«Медеу» бөгетінің аңызға айналған 842 сатысын 3 мыңға жуық адам бағындырды

Кеше 21:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);