Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Тағы 167 қазақстандық аман-есен Алматыға оралды

Тағы 167 қазақстандық аман-есен Алматыға оралды

Алматы 05.03.2026, 17:19 200
Тағы 167 қазақстандық аман-есен Алматыға оралды
Самат Құсайынов

Алматы халықаралық әуежайына Flight 251 эвакуациялық рейсімен тағы 167 Қазақстан азаматы елге жетті. Шарджа қаласынан ұшып шыққан ұшақ Алматыға сәтімен қонып, елге оралғанша асыққан азаматтарды алып келді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Зал тамыр-танысын, туған-туысын тағатсыздана күткен адамдарға толы болды. Табаны жерге тиісімен кейбірі тіпті көз жасына ерік беріп, аман жеткеніне тәуба десті. Бұл мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығының арқасы.

Келген жолаушылар президентіміз бен Сыртқы істер министрлігіне алғыс білдірді. Дәл осы мекемелердің күш-жігерінің арқасында эвакуация сәтті ұйымдастырылып, азаматтар аман-есен елге оралған болатын.

«Бізді қиын жағдайда қалдырмай, көмек берген мемлекетімізге өте ризамыз. Президентке, елге оралуымызға көмектескен СІМ қызметкерлеріне көп рақмет. Мұндай қолдау адамды кәдімгідей жігерлендіріп жібереді екен», — дейді олар.

Елге жеткен жолаушылардың айтуынша, эвакуациялау жұмысы жылдам әрі барынша ұқыпты ұйымдастырылыпты. Дипломатиялық қызмет өкілдері бәрімен байланыста болып, құжаттарын рәсімдеуге көмектесіп, қал-жағдайын біліп, аман-есен ұшып кетуін бастан-аяқ бақылап отырған.

4 наурыз күні Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша DV5361 рейсімен бала-шағаны қосқанда 314 адам елге жеткізілген. Эвакуациялау жұмысы әлі жалғасып жатыр. Қай жерде жүрсе де, қандай қиын жағдайға тап болса да, мемлекет азаматтарына әрдайым қол ұшын созатынына дәлел бұл.

Осы жаңа ғана 5 наурызда Шарджадан тағы бір рейс келетінін хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #таяу шығыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика