ffin.kz

Табиғи монополиялардағы сатып алудың форматы өзгереді

Табиғи монополиялардағы сатып алудың форматы өзгереді Сурет: 24.kz

Түзетулер 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.


Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» заңының табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру бөлігіне енгізілген түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.


Түзетулер табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуды Республиканың Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен интеграцияланған сатып алудың бірыңғай терезесі электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелеріне  толығымен көшу көзделген.


Бүгінгі күні табиғи монополиялар субъектілерінде «Mitwork», «Евразиан тек», «Каспий тендер», «электрондық сауда порталы», «ЕТБ электрондық сауда алаңы» және «ЕТС – Тендер» атты алаңдарда сатып алуды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болды, олар Сатып алудың бірыңғай терезесімен интеграцияланған.


Осылайша, табиғи монополиялар субъектілерінде сатып алуды жүзеге асыру үшін алаң таңдау мүмкіндігі бар.


Осы өзгерістер кейбір ерекшеліктерді қоспағанда, тариф реттеудің шығын әдісін қолдана отырып, тек тариф бекітілген табиғи  монополиялар субъектілерінің сатып алуына қолданылатындығын атап өту қажет (олар: мемлекеттік сатып алу, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық басқарушы холдингке тиесілі табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алу, Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы Электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес теңгерімдеуші электр энергиясын, электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта, спот-нарықта сатып алу, қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерін сатып алу, тариф бекіту кезінде шығындары ескерілмейтін табиғи монополиялар субъектілерін сатып алу).


Осы түзетулерді іске асыру мақсатында Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді.


Жаңа енгізулер ең алдымен сатып алу рәсімдерінің ашықтығын және әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті арттыруға бағытталған.


Бұдан басқа, сатып алудың жаңа форматы тапсырыс беруші мен өнім берушілер арасындағы тікелей байланысты жояды, сатып алуды жүргізуге табиғи монополия субъектінің уақытын және ресурстарын үнемдейді,  сондай-ақ қағаз және т. б. шығыстарды қысқартады.


Сондай-ақ, басқа өңірлердің табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуға қатысу арқылы қатысатын өнім берушілердің тобы кеңейеді, сондай-ақ географиялық шекаралар алып тасталынады, бұл әлеуетті өнім берушілер тобын кеңейтуге   алып келеді.        


Осылайша, бизнес өкілдерінің елдің барлық өңірлеріндегі табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуға қатысу мүмкіндіктері кеңейтілуде.


Бұрын табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы өзінің интернет - ресурсында сатып алу процесінің әрбір сатысы туралы ақпаратты орналастыру арқылы электрондық нысанда, өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсыну арқылы жүзеге асырған болатын.


Ал жаңадан енгізілетін түзетулер әлеуетті жеткізушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру және бизнес мүдделерін қорғау сияқты сатып алудың негізгі қағидаттарын іске асыруға ықпал етеді.


Табиғи монополиялар субъектілер Сатып алудың бірыңғай терезесімен интеграцияланған электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінде емес сатып алуларды бұрынғы алаңда жүргізетін болса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04