AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Табиғатқа қамқорлық – ортақ парыз

Табиғатқа қамқорлық – ортақ парыз

Әлеумет 02.09.2025, 11:19 502
Табиғатқа қамқорлық – ортақ парыз
Алматы қаласы әкімдігі

Қазақстанда экологиялық құндылықтарды қалыптастыру және табиғатқа ұқыпты қарау мәселесі мемлекет саясатының басым бағыттарының біріне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында бұл салаға айрықша назар аударылып отыр.

Қоршаған ортаны қорғау тек табиғатты сақтау шарасы ғана емес, ол – ұрпақ болашағына деген жауапкершілік. Осы мақсатта елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Құжат қоғамда экологиялық ой-сананы жаңғыртып, азаматтардың табиғатқа деген қатынасын түбегейлі өзгертуге бағытталған.

Тұжырымдамада негізгі төрт бағыт айқындалған:

  • халықтың экологиялық ойлау деңгейін және мінез-құлқын жетілдіру;

  • экологиялық жауапты өмір салтын ынталандыру жүйесін құру;

  • экологиялық білім беру мен ағартуды кеңейту;

  • экология тақырыбын ақпараттық кеңістікте белсенді насихаттау.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, тұжырымдама азаматтардың табиғатқа деген құрметін күшейтіп, оларды экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуға жетелейді.

Мұнда бизнес пен ірі кәсіпорындардың үлесіне де үлкен мән берілген. Олар мемлекетпен қатар қоғамның да сенімді серіктестері ретінде табиғатты қорғау бастамаларына белсенді араласады. Қазірдің өзінде еліміздегі көптеген компаниялар «Таза Қазақстан» аясында тұрақты технологияларды енгізіп, жергілікті деңгейде экологиялық жобаларды жүзеге асырып отыр.

Табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру – тек бір саланың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Бұл бағыттағы жұмыстар жас ұрпаққа экологиялық жауапкершілікті сіңіріп, еліміздің әр азаматын табиғатқа жанашыр болуға шақырады.

«Таза Қазақстан» бастамасы арқылы қоршаған ортаға қамқорлық жасау – ұрпақтар арасындағы алтын көпірге айналып, әділетті әрі жасыл Қазақстанды құруға жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #табиғат #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика