AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылды...

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Мәдени Алматы Бүгін 21:33 32 yakiya
Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті
Самат Құсайынов

Алматы қаласында мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, көрнекті ақын Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерттік кеш ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Салтанатты жиынға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет қайраткерлері, студенттер мен қала тұрғындары жиналды. Кештің басты мақсаты – қазақ руханиятының биік тұлғасына айналған Олжас Сүлейменовтің әдеби және қоғамдық еңбегін ұлықтау болды.

Жиында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы Мемлекет басшысының арнайы құттықтау хатын оқып, ақынның ел тарихы мен мәдениетіне қосқан зор үлесін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, бірқатар белгілі тұлғалар да құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.

Ақын Бауыржан Жақып өз сөзінде Олжас Сүлейменовтің шығармашылық және азаматтық болмысын жоғары бағалады:

-«Ұлы ақын Олжас Сүлейменов 90 жасқа толып отыр. Бүгін руханиятты сүйетін қауым түгел жиналды. Оның ғұмыры – қазақ баласына үлгі. Жастайынан жарқ етіп танылып, Лондон, Париж, Нью-Йорк сынды әлемнің ірі қалаларында шығармашылық кештерін өткізді. Оның барлық еңбегі өз халқына, ұлтына арналды. Әсіресе Алаш қайраткерлерін ақтауға, Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастардың ақталуына қосқан үлесі – ерекше», – деді ол.

Кеш тек құттықтау сөздермен шектелмей, мазмұнды концерттік бағдарламаға ұласты. Сахна төрінде қазақ өнерінің майталмандары мен жас орындаушылар өнер көрсетіп, көрерменге рухани әсер сыйлады. Ән мен күй әуелеп, ұлттық музыка мен заманауи композициялар үйлесім тапты. Салтанатты кеш соңында көрермендер Олжас Сүлейменовтің қазақ әдебиеті мен әлемдік мәдениеттегі орнын ерекше атау үстінде болды. Бұл мерейтойлық кеш ұлт руханиятының биік белесі ретінде есте қалды.

Аяжан Қуанышева

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Олжас Сүлейменов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);