AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бак...

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Әлем Бүгін 20:21 60 yakiya
Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты
primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Бакуде өткен Дүниежүзілік урбан форумының (WUF-13) 13-ші сессиясына қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара жедел урбанизацияның сын-қатерлерін және оның қалаларға, қоғамға, экономикаға және климатқа әсерін талқылау алаңы – БҰҰ-Хабитат платформасының қолдауымен өткізіледі. 

Форумға әлемнің 100-ден астам елінен 20 мыңнан аса делегат қатысты. Олардың қатарында Өзбекстан, Қырғызстан, Сербия, ҚХР, Грузия, Болгария, Кения, Маврикий елдері мемлекеттерінің және үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері, академиялық және іскер топтардың басшылары болды. Қазақстан делегациясы құрамында Астана қаласының әкімі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, облыс және қала әкімдіктерінің басшылары бар.

Өз сөзінде Қазақстан Премьер-министрі қала құрылысының тұрақты дамуының жаһандық күн тәртібінің маңыздылығын атап өтті. Бүгінде Қазақстан халқының 63%-дан астамы экономикалық өсудің қозғаушы күші мен адам капиталын тарту орталығына айналып отырған қалаларда тұрады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған стратегиялық бағытқа сәйкес, мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі – өмір сүруге қолайлы жағдай жасау және лайықты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Үкімет адамға бағдарланған тәсілді басшылыққа алады. Онда “азаматтарға арналған қалалардың" негізі қауіпсіздік, қолжетімділік және экологиялық тұрақтылық қағидаттарына сүйенеді», —  деп атап өтті Олжас Бектенов. 

2026 жылдың қаңтарында Қазақстанда сәулеттік жобалау мен кешенді қала жоспарлаудың бірыңғай стандарттарын бекіткен жаңа Құрылыс кодексі қабылданды. Сонымен қатар еліміздің барлық өңірінде урбанистикалық даму орталықтары құрылды.

ҚР Премьер-министрі қалалардың орнықты дамуы заманауи сын-қатерлерге, соның шініде технологиялық даму мен жасанды интеллект, су қауіпсіздігі, климаттың өзгеруі және қалалық инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыруға кешенді жауап беруді талап ететінін атап өтті. Қаланы құрылысын дамытудағы жаңа тәсілдердің бір мысалы, дамыған урбанистикалық өсу орталығы ретінде Alatau city жобасы аталады. Қалалық кластер халықаралық инвестициялар тартуға, жайлы, тұрақты және технологиялық қалалық ортаны қалыптастыру үшін заманауи басқару технологиялары мен инновациялық шешімдер енгізуге бағытталған.

Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауы технологиялық трансформацияға және заманауи қалаларды дамыту мен басқаруға бағытталған стратегиялық басымдық екенін атап өтті. Бүгінде Қазақстанда жасанды интеллектіні қауіпсіз, ашық әрі адамға бағдарланған түрде қолдануға арналған құқықтық база қалыптасқан. Өткен жылы тиісті заң қабылданды. Қазіргі уақытта электрондық үкіметтің цифрлық экожүйесі арқылы 1200-ден астам мемлекеттік қызмет қолжетімді. Қазақстанның халықаралық ынтымақтастық шеңберінде, оның ішінде Алматыда құрылған ЭСКАТО-ның тұрақты дамуы үшін Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығының платформасында ЖИ саласында тәжірибе алмасуға дайындығы атап өтілді.

Қалалардың қарқынды дамуы жағдайында климаттық тұрақтылық пен су қауіпсіздігі мәселелері ерекше маңызға ие.

«Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстанның жаңа Конституциясы қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттің негізгі құндылықтарының бірі ретінде айқындады. Бүгінгі таңда климаттың өзгеруі және су тапшылығының артуы жағдайында су ресурстарын басқару тұрақты қала дамуының ажырамас бөлігіне айналуда», — деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Премьер-министр Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасының маңыздылығын ерекше атап өтті. Және де Қазақстанда өткен өңірлік экологиялық саммиттің маңызына назар аударылды. Ол Орталық Азия елдерінің климаттық және экологиялық тұрақтылық, су қауіпсіздігі мәселелері бойынша практикалық ынтымақтастығына айтарлықтай серпін берді.

Сонымен қатар Қазақстанның БҰҰ-Хабитатпен ынтымақтастығы, орнықты әрі өміршең қалалық дамуды ілгерілетуге бағытталған ұлттық және халықаралық бастамаларға қатысуы ерекше атап өтілді. Өткен жылы Қазақстан Қызылорда қаласында мемлекеттік органдарды, халықаралық ұйымдарды, сарапшыларды және бизнес өкілдерін біріктірген алғашқы Ұлттық урбан форумын өткізді. Making Cities Resilient 2030 жаһандық бастамасы аясында Астана Орталық Азиядағы осындай тұңғыш платформа – Resilience Hub мәртебесіне ие болды. Сонымен қатар Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ТДМ бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын іске қосу жоспарлануда, ол өңірлік үйлестіру және ортақ басымдықтарды ілгерілету жөніндегі бірлескен жұмыс алаңына айналады.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның жаһандық қалалық сын-қатерлерді шешуде ашық диалог пен практикалық әріптестікке ниетті екенін білдірді.

Форум аясында Urban Expo көрмесі өтуде, онда іс-шараға қатысушылар назарына Қазақстанның ұлттық павильоны ұсынылды. Экспозиция қоғамдық кеңістіктерді жаңарту, инфрақұрылымдық шешімдер және жаңа қала құрылысы жобалары арқылы елдің тұрақты, жайлы әрі экологиялық таза қалаларды дамытуға заманауи көзқарасын көрсетеді. Green ID жобасына ерекше назар аударылды — бұл қалаларды көгалдандыруға, олардың климаттық тұрақтылығы мен қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған бастама.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Олжас Бектенов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);