Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Сыр сұлуы" деп аталатын күріш сорты шығарылды

"Сыр сұлуы" деп аталатын күріш сорты шығарылды

Әлеумет 25.08.2025, 10:38 637
"Сыр сұлуы" деп аталатын күріш сорты шығарылды
Сурет: Qazaqstan.tv

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ақпаратынша, Қызылорда облысында Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жаңа күріш сортын сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

"Сыр сұлуы" деп аталатын бұл сорт аз уақытта пісіп-жетілетіндіктен, суды да аз қажет етеді.

"Сынақ нәтижелері көрсеткендей, жаңа күріш сорты 105-110 күнде пісіп-жетіліп, жергілікті ауа райы мен топыраққа толық бейімделген. Барлық агротехникалық талап орындалған жағдайда гектарынан 80-85 центнерге дейін өнім алуға болады", делінген ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі таратқан ақпаратта.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында негізінен ресейлік күріш сорттары өсіріледі. Олар толық пісіп-жетілу үшін 120-125 күн уақыт алады.

"Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі су шаруашылығы жағдайы суды үнемдеудің жаңа тәсілдерін іздеуді және әзірлеуді қажет етіп отыр. Әлемдік климаттың өзгеруін ескерсек, осындай жаңа дақыл түрлері бұрыннан өсіріліп жүрген суды көп қажет ететін сорттарға жақсы балама бола алады. Бұл ғылыми жұмыстың нәтижесі ауыл шаруашылығының дамуына және күріш алқаптарында су тұтынуды азайтуға оң ықпал етеді", – деді Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Жанұзақ Байманов.

Сонымен қатар ғылыми-зерттеу институты Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп, венгрлік Water Retainer жаңа препаратын сынақтан өткізіп жатыр. Ол топырақтағы ылғалды ұзақ сақтауға көмектеседі. Биыл бұл препарат Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола және Жетісу облыстарындағы егістіктерде тәжірибе жүзінде қолданыла бастады.

"Бірінші сынақ кезеңінде төрт ғылыми-зерттеу институты қатысты. Сынақ нәтижесінде препарат күріштің өсу кезеңін қысқартып, суды айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік беретіні анықталды. Әдетте күрішке 90 күн бойы су жіберіледі, ал бұл препаратты қолданғанда бар болғаны 51 күн суару жеткілікті", – деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылыми және инновациялық технологиялар департаменті директоры Ләззат Жүсіпова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#күріш #сорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

116 жастағы Түймегүл әже көп жасаудың сырын айтты

Бүгін 11:35

Тағы 1,8 мыңға жуық адам Таяу Шығыстан Қазақстанға оралды

Бүгін 11:02

Жаңбыр, көктайғақ пен тұман: 8 наурызда ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20

Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін 08:04

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі