Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кері әсер ететін ең өзекті мәселелердің бірі. Ол қоғамдағы әділдік қағидаттарын бұзып, мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу – мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Мемлекет бұл бағытта құқықтық тетіктерді жетілдіріп, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Қабылданған заңнамалық шаралар мен мемлекеттік бағдарламалар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оның деңгейін төмендетуге бағытталған.
Сыбайлас жемқорлық көбінесе қызметтік өкілеттікті жеке мүдде үшін пайдалану, пара алу немесе беру, заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтарға қол жеткізу сияқты әрекеттер арқылы көрініс табады. Мұндай құқық бұзушылықтар қоғамда теңсіздік туындатып, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін әлсіретеді.
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметті цифрландыру, ашықтық пен есептілікті арттыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету кеңінен енгізілуде. Бұл шаралар мемлекеттік қызмет көрсету барысында адам факторын азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңызды рөл атқарады. Бұл бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға көңіл бөлінуде. Әсіресе жастар арасында адалдық пен әділдік қағидаттарын насихаттау – болашақта жемқорлықсыз қоғам қалыптастырудың негізі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек мемлекеттік органдардың міндеті ғана емес. Бұл – бүкіл қоғамның ортақ ісі. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, жемқорлыққа төзбеушілік таныту арқылы қоғамның дамуына өз үлесін қоса алады.
Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, адалдық пен әділдік құндылықтарын нығайту – еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағын қамтамасыз етудің маңызды шарты болып қала береді.
Алматы бөлімшелік
көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бөлім басшысыК.Джубанышева