Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және күресудің маңы...

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және күресудің маңызы

Заң мен тəртіп 30.12.2024, 09:01 637
Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және күресудің маңызы
Сурет: Astanatv.kz

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп, бүгінгі күнге дейін жойылмай келе жатқан қоғамның ең қауіпті құбылыстарының бірі. Бұл кесел қоғамға үлкен қауіп төндіреді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы аясында жемқорлықпен күрес әр салада белсенді түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл мәселе әсіресе парақорлықпен бетпе-бет келген халық үшін өте өзекті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі мақсаты – қоғамда бұл құбылысты түбегейлі жою және оның алдын алу. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін келесі шараларды іске асыру маңызды:

  • Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.
  • Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жою.
  • Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара әрекеттестігін күшейту.
  • Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және үздік тәжірибелерді енгізу арқылы тиімділікті арттыру.

Бұл шаралар адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы сыбайлас жемқорлықпен күресуді барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет ететін лауазымды тұлғалардың міндеті деп бекітеді. Мемлекеттік мекемелер көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты халыққа қолжетімді етіп, ақпараттық стендтерде орналастыруы қажет. Әр азамат сапалы мемлекеттік қызмет алуға құқылы. Сонымен қатар, мекемелерде жұмыс топтары құрылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды жою жолдарын қарастыру жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерге бой алдыруының әртүрлі себептері бар. Олардың арасында:

  • Кәсіби әдептіліктің жетіспеушілігі.
  • Жеке басының қамын бірінші орынға қою.
  • Жалақының төмендігі секілді мәселелер кездеседі.

Сондықтан осындай қылмыстардың алдын алу үшін қызметкерлерге құқықтық оқыту шараларын ұйымдастыру, оларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен таныстырып отыру қажет.

«Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппараты» КММ 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша, мекеме қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері мүдделер қақтығысының алдын алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын белсенді түрде жалғастыруда.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кәсіби әдептілік #Сыбайлас жемқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Кеше 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Кеше 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Кеше 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Кеше 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Кеше 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика