AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Светлана Жақыпова: «Қауіпсіз еңбек – министрліктің...

Светлана Жақыпова: «Қауіпсіз еңбек – министрліктің басты басымдығы»

Әлеумет 10.06.2025, 11:46 929
Светлана Жақыпова: «Қауіпсіз еңбек – министрліктің басты басымдығы»
Сурет: Gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Министрдің мәліметінше, 2024 жылы өндірістік жарақаттардан 1408 адам зардап шегіп, 202 адам көз жұмған. Қазіргі таңда 445 мыңнан астам жұмыс орны зиянды немесе қауіпті деп танылған. Бұл – еңбек қауіпсіздігін арттырудың өзектілігін айқын көрсетеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Еңбек министрлігі еңбек саласын жақсарту бойынша 10 негізгі бағытта жұмыс жүргізіп отыр:

         •        өндірістік тәуекелдерді автоматты түрде бағалайтын Еңбек тәуекелдерінің картасын енгізу;

         •        еңбек жағдайларын үздіксіз цифрлық бақылауға көшу;

         •        өндірісте зардап шеккендерге әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру;

         •        зиянды еңбекке тартылған қызметкерлерге арнайы төлемдер мен кепілдіктер ұсыну;

         •        ұжымдық шарттарды электронды форматқа көшіру;

         •        кәсіподақтардың жедел бақылау құралдарын енгізу;

         •        кәсіпорындар үшін еңбек қауіпсіздігінің цифрлық бейінін жасау;

         •        мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіру;

         •        реттеуші кедергілерді азайту;

         •        Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастықты кеңейту.

Светлана Жақыпова Қазақстанда Халықаралық еңбек ұйымының жобалық кеңсесін ашу жоспарланып жатқанын да хабарлады.

«Мақсат – әділ, тиімді және заманауи еңбек қауіпсіздігі жүйесін қалыптастыру», – деді министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қауіпсіз еңбек #қамтамасыз ету #Халықаралық еңбек ұйымы #жобалық кеңсе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алмалы ауданында көшені тазалау кестесі өзгерді

Бүгін 11:32

Алматының орталығында бірыңғай жаяу жүргіншілер бағыты қалыптасып, тұрғын үйлердің қасбеті жаңарып жатыр

Бүгін 11:29

Инвестиция мен әлеуметтік инфрақұрылым: Алмалы ауданының биылғы көрсеткіші

Бүгін 11:27

Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары басталды

Бүгін 11:14

Астанада Қазақстанның атом саласының ардагерлері мен мамандарына құрмет көрсетілді

Бүгін 10:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);