AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Сұлулық байқауы кезінде болған жойқын жер сілкініс...

Сұлулық байқауы кезінде болған жойқын жер сілкінісі видеоға түсіп қалды

Әлем 02.10.2025, 10:52 623 Сұлу
Сұлулық байқауы кезінде болған жойқын жер сілкінісі видеоға түсіп қалды
Getty Images

Филиппин билігі Себу провинциясында болған зілзаладан қаза тапқандар саны артуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Қазір құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Жойқын жер сілкінісінен кем дегенде 69 адам көз жұмды. Одан бөлек ондаған адам жарақат алды. Қаза болғандар саны әлі көбеюі ықтимал. Бұл апат елдің орталық бөлігін шарпыды.

Miss Asia Pacific International сұлулық байқауы өтіп жатқан сәтте де дүмпу болды. Видеода қатысушылар мен қонақтар сахнадан қашып шыққаны, төбеден сылақ пен әшекей бөліктерінің жерге құлағаны анық көрінеді. Еconomictimes.indiatimes.com мәліметінше, ешкім зардап шекпеді.

Жер сілкінісінің магнитудасы – 6,9. Эпицентрі Себу аралындағы Бого қаласынан 17 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан. Провинцияда төтенше жағдай жарияланды.

Құтқарушылар үйінділер астында қалғандарды іздеп жатыр. Билік халыққа көмек жеткізуді ұйымдастырып жатыр.

Зілзала аймағында ондаған ғимарат толық немесе жартылай қираған. Электр жарығы өшкен, жолдар мен көпірлерде жарықтар пайда болғандықтан көлік қатынасы қиындады.

Бұл жер сілкінісі аймаққа "Буалой" және "Рагаса" атты дауылдар соққаннан кейін бір апта өтпей болды. Филиппин – Тынық мұхитының "Отты белдеуінде" орналасқандықтан, жиі жер сілкінісі мен жанартау атқылауына ұшырайтын ел.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Филиппин #жер сілкінісі #зілзала #қирау #Сұлулық байқауы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);