Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сүйекке қандай тағамдар зиян?

Сүйекке қандай тағамдар зиян?

Әлеумет 10.06.2024, 19:02 1,082
Сүйекке қандай тағамдар зиян?
almaty-akshamy.kz

Қант пен ашытқы қосылған нан сүйектердің нығаюына кедергі келтіреді.

Сондықтан бұл өнімдердің орнын маусымдық жемістермен, көкөністер және шөптермен алмастырған жөн.

Бұл РИА Новостиге сұхбатын берген ортопед-травматолог Рустам Эфендиевтің пікірі.

"Бұл жағдайда диетадан ашытқы қосылған нан мен қант сияқты тағамдарды мүмкіндігінше алып тастаған жөн. Қантты кептірілген жемістермен, балмен, джеммен алмастыруға болады, бірақ оларды аз мөлшерде тұтыну керек, жемістер мен көкөністердің де тәттісін таңдаған абзал", - деп атап өтті Эфендиев.

Ашытқы қосылған нанды ұйытқы және бидайдан жасалған нанға, қара бидай нанына ауыстыру керек. Бұл сүйектерге, тамырларға пайдалы, жүрек қызметін жақсартады.

Минералдардың сіңуіне фитин қышқылы да кедергі келтіреді. Дәндерде кездесетін бұл зат ас қорыту ферменттерін блоктайды. Дегенмен бұл сұлы, қарақұмық немесе жүгеріге тыйым салынады дегенді білдірмейді. Тұтыну алдында дәндер фитин қышқылын бейтараптандыру үшін ашытылады немесе қуырылады.

Осылайша, сүйек денсаулығын сақтау үшін қантты тұтынуды азайту керек. Оның көп мөлшері ішек микрофлорасына теріс әсер етеді, бұл минералдардың сіңуіне жол бермейді. Кофеиннің үлесін азайтыңыз, өйткені ол организмнен минералдардың несеппен шығарылуын тездетеді. Сонымен қатар ішімдіктен де бас тартқан дұрыс. Бір жағынан, ол ағзадағы судың, тұздардың жоғалуына әкеледі, екінші жағынан сүйек тініне улы әсер етеді.

"Көбіне көкөніс өнімдерін, шөптерді тұтыну керек, мұндай өнімдер көп. Диетаны дәрумендермен, минералды кешендермен толықтыруды ұмытпаңыз. Маусымдық өнімдер, яғни көкөністер, жеміс-жидектер адам ағзасы үшін пайдалы", - деп қосты дәрігер.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сүйек #нан #ашытқы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика