AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Суды тұщыландырудың тағы бір тиімді әдісі табылды

Суды тұщыландырудың тағы бір тиімді әдісі табылды

Әлем 02.06.2024, 14:10 1,088 dulatbekova
Суды тұщыландырудың тағы бір тиімді әдісі табылды
Сурет: Islam.kz

Австралия ұлттық университетінің (ANU) ғалымдары тұзды суды тұшшыландырудың болашағы зор, жаңа әдісін ойлап тапты.

Бұл тәсілдің ең басты тиімділгі - су тұшшыландыру процесін арзандатады және әлемнің құрғақшылық жайлаған аймақтарындағы су тапшылығын шешуге көмектесуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл бағыттағы технология термиялық диффузия құбылысына негізделген, оны швейцариялық ғалым Чарльз Сореттің атымен «Сорет эффектісі» деп те атайды. Сорет эффектісі сұйықтықтың құрамындағы компоненттер ыстық аймақтан суық аймаққа ауысатындығымен байланысты өрбиді немесе қалыптасады, сондықтан ыстық аймақта бұл компоненттердің концентрациясы (шоғырлану деңгейі төмен) аз болады. Әдетте аталмыш процесс ұзақ уақытты алады, десе де ғалымдар суды диаметрі миллиметрлік көптеген арналар арқылы өткізуді (айдауды) ұйғарды, мұндай амал аталған әсердің пайда болу уақытын бірнеше минутқа қысқартқан. 

«Түтік арқылы су өткен сайын тұздылық деңгейі үш пайызға төмендейді. Зерттеу нәтижеміз көрсеткендей, осы циклдің көптеген қайталануынан кейін теңіз суындағы тұз мөлшері миллионға 30 мың бөліктен (заттардың концентрациясының өлшем бірлігі) 500-ден (тұщы су үшін шекті мән) дейін төмендеуі мүмкін», деп жазды атап өтті осынау зерттеуге атсалысқан ғалымдардың бірі Сүй Шук. 

Суды тұщыландырудың ең көп тараған немесе қолданылатын әдістердің бірі - энергияны көп қажет ететін мембраналық сүзгі; бұл технология қымбат материалдарды пайдалануды және тұрақты техникалық қызмет көрсетуді талап етеді. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл технология халық санының өсуі мен климаттың өзгеруіне байланысты күрделі сипат алатын су тапшылығы мәселесін шешуге қауқарсыздық танытады. Жаңа әдіс қыздыру арқылы жұмыс істейді, ол күн энергиясын немесе кондиционер сияқты түрлі құрылғылардың артық жылуын пайдалана алады. Ғалымдар құбырдың бір бөлігін сумен 60 градусқа дейін қыздырып, екіншісін минус 20 градусқа дейін салқындату арқылы қажетті нәтижеге қол жеткізді. Ғалымдар алғашқы коммерциялық прототиптің сегіз жыл ішінде дайын болатынын алға тартып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#cуды тұщыландыру #тиімді әдіс #тәсіл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49

Алматы полициясы жасөспірімдерді есірткі саудасынан сақтандырды

Бүгін 15:42

Кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар: Алматы бизнесіне қандай мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді

Бүгін 15:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);