AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Су тасқынынан зардап шеккен 15,5 мыңға жуық адам қ...

Су тасқынынан зардап шеккен 15,5 мыңға жуық адам қолдау шараларымен қамтылды

Әлеумет 25.04.2024, 05:37 1,156
Су тасқынынан зардап шеккен 15,5 мыңға жуық адам қолдау шараларымен қамтылды
Сурет: Gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі су тасқыны салдарынан зардап шеккен қазақстандықтарға кешенді қолдау шараларын көрсетуде.


Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мен мүгедектік тобын қайта куәландыру мерзімдері ұзартылды, субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылғандар жалақысын өзгеріссіз алады, ал жастарды шағын несилендіру бағдарламасы бойынша алынған кредиттер бойынша қарыз алушыларға төлемдер кейінге қалдырылады. Министрлік тарапынан қолдау шараларымен барлығы 15 475 адам қамтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz сала министрлігіне сілтеме жасап. 


ТЖ режимі жарияланған қалалар мен аудандарда тұратын 5,3 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек мемлекеттік органдарға жүгінуді болдырмастан автоматты түрде тағайындалды.


Сондай-ақ, ТЖ режимінің қолданылу кезеңінде мүгедектігі бар 2,2 мыңнан астам адам үшін қайта куәландыру мерзімдері автоматты түрде ұзартылды, осы шарамен 4 мыңға жуық адамды, оның ішінде балаларды да қамту жоспарлануда. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу бұрын белгіленген топтар бойынша жүзеге асырылады.


Төтенше жағдай кезеңінде ТЖ режимі жарияланған аудандар мен қалаларда субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан 8 мыңға жуық жұмыссыз адамның жалақысын еңбек мобильділігі орталықтары жұмыс берушілерден мәліметтерді талап етпей төлейтін болады.


Су тасқынынан зардап шеккен жастарды шағын несиелендіру бағдарламасы бойынша қарыз алушыларға шағын несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру қамтамасыз етіліп, басқа да мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылады. 2024 жылға арналған кестелер бойынша барлық төлемдер 2025 жылдан бастап қаржыландыру кезеңінің соңына дейін келесі төлемдерге тең үлестермен бөлінеді.


Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып, «Электрондық үкімет» мобильді қосымшасында су тасқыны салдарынан келтірілген залалды өтеуге өтініштер беру функционалдығын енгізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбекмин #су тасқыны #қолдау шаралары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда су үнемделетін алқаптар көлемі үш есеге жуық өсті

Бүгін 09:26

Тоқаев Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 09:18

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға 1 млн-нан астам тұрғын мен қонақ қатысты

Бүгін 09:11

Қала күні: «Әнім сенсің, Алматы!» атты мерекелік концерті өтті

Кеше 20:06

ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Кеше 17:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);