Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Су тасқыны жағдайы бақылауда

Су тасқыны жағдайы бақылауда

Әлеумет 06.03.2023, 12:13 1,045
Су тасқыны жағдайы бақылауда
Сурет: Ашық дереккөз

Жетіс облысында бірнеше үйдің ауласын су басты


Кербұлақ және Алакөл аудандарындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды. Бұл туралы Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Игорь Жуков Өңірлік коммуникациялар алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


5 наурыздағы жағдай бойынша Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауданында 4 ауланы су басқан. Оқиға орнына 19 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта арық жүйесін тереңдету және тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 



"Жетісу облысы ТЖД-не Кербұлақ ауданы Сарыөзек-Көктал автожолының бойында 9 км жерде орналасқан цемент өндіру бойынша "Alacem"  зауытының аумағын су басу туралы ақпарат түскен жоқ. Алайда, әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында  егістіктерден мол қар ерунәтижесінде зауыт аумағының еңіс ағынымен су басқаны туралы видео түсіріліп, әлеуметтік желілерге жарияланғаны анықталды. Қызметкерлердің жұмылдырылуымен еріген қар суын бұру бойыншам шаралар қабылданды. Зардап шеккендер  жоқ. Сондай-ақ, зауытқа да залал келген жоқ", - деді Игорь Жуков.



Айта кетерлігі құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. 


Алакөл ауданының Қабанбай және Жайпақ ауылдарында да аула аумағын су басу салдарының алды алынды. Жергілікті жерлерде жеке құрамның 10 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. 


Ал, Ескелді ауданында қардың қарқынды еруі мен арық жүйесінің тазаланбауы салдарынан Жалғызағаш ауылының маңындағы жол бөлігі су астында қалды. Құтқарушылар шұғыл түрде оқиға орнына барып, каналдарды тереңдету және тазалау жұмыстарын жүргізді. Айта кетерлігі еріген су Биғаш өзеніне транзиттік режимде өтеді. 



«Қазгидромет» РМК дауылды ескертуіне сәйкес, жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ, 2023 жылғы  6-8 наурыз аралығындағы кезеңде температуралық фонның жоғарылауына байланысты қардың қарқынды еруі күтілуде. Жетісу өңірінде еріген және еңіс ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі, бұл ретте судың төгілуі  мен  су басуы мүмкін», - деді спикер.



Жалпы, Жетісу өңіріндегі су тасқыны жағдайы бақылауда. Су тасқынының алдын алу үшін ТЖД қызметкерлері азаматтарды канал жүйелерін тазартуға және аула аумақтарын тазалауға көмектесуге шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су тасқыны #Жетісу облысы #ТЖД
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика