Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Су саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік...

Су саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік талаптары күшейтілді

Әлеумет 05.05.2025, 16:49 661
Су саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік талаптары күшейтілді
gov.kz

Климаттың өзгеруіне бейімделу, судың «көлеңкелі нарығымен» күресті күшейту, су ресурстарын басқаруда қоғамдық бақылау: Жаңа Су кодексіндегі басты жаңалықтар 

Жаңа Су кодексі бес негізгі қағидатқа сүйене отырып әзірленді. Олар: суды қоршаған ортаның ажырамас бөлігі және азаматтардың өмір сүруі мен экономикалық дамудың негізі ретінде тану, су ресурстарын пайдаланудағы экономикалық құндылық, жерүсті және жерасты су ресурстарын кешенді пайдалану, суды тиімді және ұтымды үнемдеу, сондай-ақ су қорын сақтау мен пайдалану мәселелерін шешуге жұртшылықты тарту. 

Жаңа кодексте су ресурстарын басқару бойынша Бас және бассейндік жоспарлар жасау көзделген. Сонымен қатар гидротехникалық құрылыстарды жан-жақты тексеріп, олардың қауіпсіздігі туралы арнайы құжат дайындау міндеті енгізіліп отыр. Бұл нысандардың тізімі де жүйеге келтірілмек.

Су саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік талаптары күшейтілді. Уәкілетті органдарға жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін қадағалау функциялары енгізілді. Судың «көлеңкелі нарығымен» күресу үшін суды рұқсатсыз пайдалануға жол бермеу және су айдындарында, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызметке тыйым салуды сақтау бойынша бақылау күшейтілді. 

Ауыл шаруашылығындағы тиімсіз шығындарды азайту мәселелері қаралды. Ирригациялық кондоминиум құру тәртібі реттелді. Егер ондай ұйым құрылмаса, мұндай мүлікті сырттай басқару құқығы жергілікті атқарушы органдарға беріледі.

Су секторын су тасқыны мен құрғақшылықтың алдын алу үшін климаттың өзгеруіне бейімдеу шаралары реттелді. Су саласын цифрландыру аясында Ұлттық ақпараттық жүйе құру көзделіп отыр. 

Су шаруашылығы құрылыстарын есепке алу, олардың жағдайын бағалау, баламалы су көздерін пайдалану, еріген қар суын арнайы рұқсатсыз жинау және суаруға пайдалану, су нысандарын бақылау бойынша нақты нормалар енгізілді. 

Кодекс сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, нөсер және дренаждық ағындарды реттеу, иесіз жүйелерді коммуналдық меншікке беру жөніндегі нормаларды қамтиды. Сондай-ақ өнеркәсіптік қажеттіліктер үшін ауыз судың орнына техникалық суды пайдалану және техникалық аудит негізінде сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын жоспарлы жаңарту шаралары көзделген.

Жерасты суларын іздеу, бағалау, бақылау және қорғау жұмыстарын реттеу енді министрліктің құзыретіне беріледі. Бұл мәселелермен Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрамындағы Ұлттық гидрогеологиялық қызмет айналысады. 

Су ресурстарын басқару шешімдеріне жұртшылықтың қатысуы кеңейтілді. Бассейндік кеңестер су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін қысқарту, су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы іс-шаралар, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган жіберген бұзушылықтарды түзету жөнінде ұсыныстар бере алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су кодексі #заң бұзушылық #су қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика