Биылғы 1 ақпаннан бастап бұрын бекітілген тарифтердің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, Табиғи манополияны реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2025-2029 жылдарға арналған бес жылдық кезеңіне сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтерді бекітті. Аталған департамент басшысы Әсел Бөденеева қала тұрғындары үшін осы өзекті мәселенің мән-жайын БАҚ өкілдеріне мәлім етті.
Департамент басшысының айтуынша, қала тұрғындары үшін сумен жабдықтаудың орташа тарифі текше метріне – 135,24 теңге (ҚҚС-сыз), су бұруда – 83,54 теңге (ҚҚС-сыз) құрайтынын атап айтты. Әлбетте, бұл тариф бұрынғы бекітілгенінен тиісінше 9,6 пайыз және 27,5 пайызға артық. Бұған қоса, 3-ке, 3-тен 5-ке, 5-тен 10-ға дейін және 10 текше метрден астам суды тұтыну көлеміне байланысты да сараланған тарифтер бекітілді.
«Мұндай өзгеріске не әсер етті?» деген сауалға жауап бере кетелік. Біріншіден, су есептеу аспабынсыз тұтынушылар үшін төлемақы көлемін белгілеуге Алматы қаласы әкімінің 2024 жылғы қаулысымен бекітілген су тұтыну нормасының өзгеруі әсер етті. Мұнда орташа тұтыну нормасы 8,4-тен 15 текше метрге дейін ұлғайтылған-ды. Айта кетерлігі, жергілікті атқарушы органның су тұтынудың соңғы нормасы 1989 жылы бекітілген болатын. Шыны керек, 1 текше метрде 1 000 литр су бар. Олай болса, осынша көлемді ауыз суға 151 теңге төлеу деген не тұрады? Дүкендегі бөтелкедегі 1 литр суың 232 теңге емес пе», – дейді Табиғи манополияны реттеу комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә. Бөденеева.
Тұрмыстық қажеттілікке сай, ресурстық ауыз суды қосымша пайдаланатын тұтыну мәдениеті жоқ жеке тұтынушылар бар. Осылайша, тұтынушылардың көппәтерлі тұрғын үйде тұратыны, сондай-ақ есепке алу аспабы барын ескерілмек. Аталған санаттағы тұтынушылар тарифтің өзгеруін аса сезбейтін сияқты. Бұл жағдай жеке секторда тұратын тұтынушыларға көбірек әсер ететіні анық. Өйткені, олар суды ваннаға, автокөлігін жууға, ауласына себуге, бау-бақшасын суаруға қосымша көбірек пайдаланады.
Ақшаны үнемдеу мақсатында тұтынушылар есепке алу аспабын орнатып, пәтер мен үйлерде нақты тұратындардың санын нақтылау пысықталуы қажет. Тағы бір нюанс – бұл нақты деректі беру. Тұтынушы есепке алу аспабының көрсеткішін беруге міндетті. Сонымен бірге, көрсеткішті алуда есепке алу аспабына қол жеткізуге міндетті. Бұл ретте, төлем құжатында есептеуді үздіксіз ай сайын беру үшін есепке алу аспабының нақты көрсеткіші болмаған ретте есептеу орташа тәуліктік шығыспен жүргізіледі.
Үш айда бір рет өнім беруші тұтынушының есепке алу аспабынан көрсеткішті алуының дұрыстығын тексерген кезде есептеу сомасын түзету орындалады. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін суық су есептегішінің көрсеткішін өздігінен жіберудің бірнеше әдісі бар. Сонымен қатар, қызметті жеткізушілердің құқығы бұзылған не дұрыс есептелмегені жөнінде дәлел болған жағдайда тұтынушы департаментке жүгінуге құқылы. Департамент өз кезегінде ден қою шарасын қолданады.