AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Спортшы қыздардың суретімен пошта маркасы шықты

Спортшы қыздардың суретімен пошта маркасы шықты

Мәдениет 04.07.2023, 12:53 1,135
Спортшы қыздардың суретімен пошта маркасы шықты
Сурет:Нalyq-uni.kz

Біреуі – шахмат тарихындағы блицтан ең жас әлем чемпионы Бибісара Асаубаева, екіншісі – теннисші Елена Рыбакина.


«Қазпошта» «Қазақстан чемпиондары» тақырыбында «Спорт» сериясымен пошта маркасын шығарған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Пошта маркаларында шахматшы Бибісара Асаубаева мен теннисші Елена Рыбакина бейнеленген.



«Пошта маркалары «Қазпошта» АҚ Шахмат және Теннис федерацияларымен бірігіп шығарылып, айналымға енгізілді. Маркалар спортшыларға ерен еңбегі үшін арнайы шығарылды. «Қазпошта» осылайша чемпиондарға көркемдік маркалар шығарып, құрмет көрсетті. Бұл бүкіл Қазақстан халқының даңқты спортшыларымызға, ару қыздарға көрсеткен құрметі деп білемін. Бүгін филателистер өз коллекцияларын чемпиондардың атаулы маркаларымен толықтыруда», – деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.



Бибісара Асаубаева – шахмат тарихындағы блицтан ең жас әлем чемпионы. Рапидтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.


Елена Рыбакина – теннисші, Уимблдон-2022 жекелей сынында Үлкен дулыға жеңімпазы, WTA жекелей сынында бес турнирдің жеңімпазы; 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер командалық біріншілігінде Еуропа чемпионы.


Марка офсеттік мөрмен басып шығарылған, 4 бояумен боялған, перфорация – рамалық. Шығарылым формасы – екі маркалы пошта блогы. Блоктың мөлшері – 120х48 мм. Марка мөлшері – 52х29,6 мм. Номиналы – 600 теңгеден. Таралымы – 10 000 блок. Дизайнын І.Оңғарбай жасаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Марка #шахмат #теннис
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мектептерінде 357 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Бүгін 15:01

«JAS GALA – 2026»: Алматыда үздік студенттер марапатталды

Бүгін 14:20

Алматыда «Студенттік спорт лигасының» республикалық финалы басталды

Бүгін 14:15

Мемлекеттік қызмет – елге қызмет етудің жауапты жолы

Бүгін 14:13

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);