AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Спортшы Нұрислам Санаев «Жомарт жүрек» медалімен м...

Спортшы Нұрислам Санаев «Жомарт жүрек» медалімен марапатталды

Әлеумет 01.12.2021, 04:10 1,208 Almaty-akshamy
Спортшы Нұрислам Санаев «Жомарт жүрек» медалімен марапатталды
Cурет: Inform.kz

Тәуелсіз ел Елбасы жолымен


Ақтөбеде Тұңғыш Президент күніне арналған «Тәуелсіз ел Елбасы жолымен» атты салтанатты шара өтті. Онда Токио Олимпиадасының қола жүрдегері Нұрислам Санаев «Жомарт жүрек» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Шара кезінде облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірдің экономика, денсаулық сақтау, әлеуметтік салаларының дамуына сүбелі үлес қосып, қоғамдық өмірге белсенді атсалысып жүрген ақтөбеліктерді марапаттады.


Атап айтқанда, «Жомарт жүрек» медалі еркін күрес шебері Нұрислам Санаевқа, меценаттар Алмабек Төлепов, Досбол Бакенов пен Алдамберген Жолдасовқа, «Жылдың үздік ұйымы» аталымы Дөң кен-байыту комбинатына берілді. Тағы алты адам «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін алды. Бұдан өзге, «Казхром» ТҰК АҚ президенті Арман Есенжолов, облыстың бас инфекционист-дәрігері Мейрамбек Құрманғазин, кәсіпкер Владимир Гринберг, мүсінші Жеңіс Жұбанқосов, полицей Мұратбек Нұрмағамбетов пен белсенді Нұржан Оразов «Жыл адамы - 2021» атағын иеленді.



«Егемендіктің отыз жылдық мерейлі жылында ел тарихындағы елеулі кезеңді бастан өткерудеміз. Осы уақыт өлшеміндегі жетістіктерді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай біртуар тұлғасыз елестету қиын. Ол ғасырларға жүк болар ауқымды істерді атқарды. Әлемдік тәжірибеде зайырлы елдер, түрлі кезеңде мемлекет басқарған қандай тұлға болмасын, оның болмысына зор құрметпен қарайды. Біздің бүгінгі атап отырған Тұңғыш Президент күні - сондай құрметтің нышаны.



"Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» дейді қазақ. Өздеріңіз жақсы білесіздер, мен Елбасының жанында жүріп он екі жыл қызмет жасадым. Елдің қамы үшін тынымсыз еңбегінің куәсі болдым. Бүгінгі біз көріп отырған жетістіктердің қай-қайсысы болсын, оңайлықпен келмегенін көзіммен көрдім. Жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін де ерекше сезінген адаммын. Еркіндік алып, өз алдымызға ел болу, ата-бабаларымыздың асыл арманы еді. Сол арманды іске асыру Елбасына, оның нәтижесін көру біздің бағымызға бұйырды", - деп атап өтті облыс әкімі Оңдасын Оразалин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балуан #санаев #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Кеше 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);