AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құрылтайда шекара маңындағы аумақтарды дамыту тура...

Құрылтайда шекара маңындағы аумақтарды дамыту туралы заң жобасы таныстырылды

Әлеумет Бүгін 17:36 16
Құрылтайда шекара маңындағы аумақтарды дамыту туралы заң жобасы таныстырылды
Құрылтайдың Баспасөз қызметі

Құрылтайдың Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің отырысы өтті. Комитет төрағасы Әмірбек Оспанбеков төрағалық еткен жиында «Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аумақтарын дамыту туралы» заң жобасы таныстырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Отырысты жүргізген комитет төрағасы Әмірбек Оспанбеков заң жобасы Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес депутаттардың бастамасымен әзірленгенін атап өтті. Оның айтуынша, шекара маңындағы аумақтарды дамытудың демографиялық тепе-теңдікті сақтау, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру маңызды рөл атқарады.

– Біздің басты мақсатымыз – осы аудандарда өзін-өзі қамтамасыз ететін экономикалық орта қалыптастыру. Бұл тұрғындарға сол жерде жай ғана өмір сүруге ғана емес, тұрақты жұмыс істеуге, өз кәсібін ашуға, өндіріс орындарын іске қосуға және лайықты табыс табуға мүмкіндік береді, – деді Әмірбек Оспанбеков.

Құрылтай Төрағасының орынбасары Нұрлан Бекназаров шекара маңындағы аумақтарды сауда, логистика, өндіріс және халықаралық ынтымақтастық салаларында әлеуеті бар елдің экономикалық және әлеуметтік кеңістігінің толыққанды бөлігі ретінде қарастыру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл аумақтарды дамыту кешенді сипатқа ие болып, инфрақұрылымды жаңғыртуды, жұмыс орындарын құруды, бизнесті қолдауды, мамандарды тартуды және халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтуға тиіс.

Таныстырылым барысында Құрылтай депутаты Ерлан Сайыр заң жобасының негізгі ережелері бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, құжат шекара маңындағы аумақтардың құқықтық мәртебесін бекітуді және тиісті тізілімді қалыптастыруды көздейді. Мемлекеттік шекарадан 50 шақырым шегінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктерді шекара маңындағы аумақтарға жатқызу, ал 25 шақырым шегінде орналасқан шалғай елді мекендер үшін арнайы қолдау шараларын қарастыру ұсынылады. Бұл ретте өңірлердің географиялық, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері ескерілетін болады.

– Заң жобасының нысанасы – шекараға шектес аумақтардың құқықтық мәртебесін беру, мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін анықтау және жоспарлау, қаржыландыру және кредиттеу тетіктерін жасау. Экономикалық негізділік, келісімділік, әділеттілік және қауіпсіздік қағидаттары бекітілетін болады, – деді Ерлан Сайыр.

Депутаттың айтуынша, дамудың негізгі бағыттары білім беру, денсаулық сақтау және кәсіптік даярлау сапасын арттыруды, мамандар мен жастарды тартуды, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, өңдеу саласын, шағын және орта бизнесті, сауданы, логистика мен туризмді дамытуды қамтиды. Көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту көзделген. Нысандар салумен қатар жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікке жағдай жасау, қолжетімді тұрғын үймен және сапалы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету маңызды.

Мемлекеттік қолдау шаралары ретінде инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру, кәсіпкерлікті кредиттеу және ынталандыру, инвестициялық қолдау көрсету, субсидиялар беру, кредиттерге кепілдік беру, кооперация мен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру, шекара маңындағы шалғай елді мекендерде әлеуметтік маңызы бар салаларда жұмыс істейтін азаматтық қызметшілердің лауазымдық айлықақыларына жоғарылату коэффициенттерін белгілеу, жеңілдіктер беру және басқа да ынталандыру шаралары ұсынылады.

Талқылау барысында депутаттар елді мекендерді шекара маңындағы аумақтарға жатқызу өлшемшарттарына, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық мәселелері бар елді мекендерді тиісті тізбеге енгізу мүмкіндігіне қатысты сұрақтар қойды. Сонымен қатар шекара маңындағы аудандардың туристік әлеуетін экономикалық тұрғыдан бағалау мәселесі көтерілді.

Отырысты қорытындылаған Әмірбек Оспанбеков шекара маңындағы аумақтарды қолдау мемлекеттік өңірлік саясаттың ұзақ мерзімді басымдығы болуға тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, заң жобасы осы аумақтарды жүйелі дамыту үшін қажетті құқықтық негіз қалыптастырады.

Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Ұлттық экономика, Әділет, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат, Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік, Ішкі істер, Туризм және спорт министрліктерінің, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Парламентаризм институтының, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының, Экономикалық зерттеулер институтының өкілдері мен сарапшылар да болды.

Жиында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар депутат Тұрарбек Тілемісов жетекшілік ететін жұмыс тобының отырыстарында жан-жақты талқыланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның ескі кен орындарында мұнай өндірудің жаңа технологиялары сынақтан өткізіледі

Бүгін 17:06

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 700-ДЕН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМЫНДА ИНСУЛЬТ ПЕН ОБЫРДЫ ЖЫЛДАМ АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

Бүгін 16:36

Қаржы министрлігінде жаңа Конституциядағы адам құқықтары мен бостандықтары мәселелері талқыланды

Бүгін 16:31

Қазақстанның негізгі көлік бағыттарында жүк тасымалына бақылау күшейтілді

Бүгін 16:06

Алматыда коммуналдық қызмет алдағы жауын-шашынға байланысты дайындықты күшейтті

Бүгін 15:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);